Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан...

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті

Заң мен тəртіп 09.01.2025, 20:04 802
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының Тараз қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінде ерекше шара өтті.

Париж Олимпиадасының чемпионы, еліміздің мақтанышы Елдос Сметов құқықтық тәртіп әскерінің сарбаздарымен жүздесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл кездесуге Елдос Сметовпен бірге оның бапкері Ғалымжан Жылгелдиев және Жамбыл облысы «Динамо» спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің орынбасары Жомарт Ысқақ та қатысты. Еркін форматтағы жиында даңқты дзюдошымыз өзінің спорт саласындағы тәжірибесімен бөлісті. Кездесу әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор болды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының спорт командасын даярлау орталығының әскери қызметшісі Елдос Сметов ұландықтарға өзінің спорттық мансабының бастауынан бүгінгі жеңістеріне дейінгі қызықты жолын баяндап берді. Ол жеңіске жетудің негізгі қағидаттары – тәртіп, еңбекқорлық және табандылық екенін ерекше атап өтті.

– Алдарыңызға қойған үлкен мақсаттар бар, сол мақсаттарға қол жеткізу үшін өмірдегі барлық қиыншылық пен ауыртпалықтардың бәрінен өту керек. Жетістікке кез келген адам оңай жолмен жеткен емес. Оны мен өз тәжірибемнен айтып отырмын. Барлығы да төккен тер мен еткен еңбектін нәтижесі, – дейді Елдос Сметов.

Шара барысында Олимпиада чемпионы дзюдо спортындағы ерекше әдіс-тәсілдерін көрсетті. Жас ұландар чемпионның әрбір қимылын мұқият бақылап, спортқа деген қызығушылықтарын одан әрі арттырды. Сонымен қатар сарбаздар чемпионға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оның кеңестерін тыңдады. Кездесуде бапкер Ғалымжан Жылгелдиев те сөз сөйлеп, Елдостың жеңіске жету жолындағы ерен еңбегі мен ынтасын ерекше атап өтті.

 – Біздің қазақ жерімізде дзюдо күресінде алғашқы олимпиаданың алтыны, оның өзін жерлесіміз Жамбыл жерінің спортшысы алып келіп отыр. Бұл деген үлкен мәртебе, мақтаныш! Жеңістің жалауы Таразымызға бекер келмеді. Себебі киелі жерден кезінде Жақсылық Үшкемпіров ағамыз да Олимпиада чемпионы атанған болатын, – деді бапкер.

 Ал Жомарт Ысқақ спорт пен тәртіптің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы туралы айтып, жас ұландарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған мұндай іс-шаралардың рөлі зор екенін жеткізді. Кездесу соңында қонақтарға арнайы алғыс хат табысталып, сый құрмет көрсетілді. Сарбаздар чемпионмен естелік суретке түсіп, оның қолтаңбасын алды. Бұл кездесу олардың жүрегінде ұзақ уақыт сақталатыны сөзсіз. Елдос Сметовтің өмір жолы мен жетістіктері жас сарбаздарға үлкен шабыт беріп, оларды болашақта еліміздің намысын қорғауға жаңа серпін сыйлағаны анық.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #Елдос Сметов #сарбаздармен кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика