Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ойыннан от шықты: Қонаев қаласында «талдырып» ойна...

Ойыннан от шықты: Қонаев қаласында «талдырып» ойнаған оқушының бірі ауруханаға түсті

Оқиға 13.10.2022, 16:25 1,007
Ойыннан от шықты: Қонаев қаласында «талдырып» ойнаған оқушының бірі ауруханаға түсті
Сурет: Almatytv

Ойын балалары әрекетін камерадан тыс жерде жасаған


«Ойыннан от шықты». Қонаев қаласындағы №5 орта мектептің оқушылары сыныптастарын талдырып көріп, ажалмен ойнаған. Жұрттың зәресін алған қорқынышты ойыннан сегізінші сыныптың оқушысы зардап шегіп, тістері сынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Аузы-мұрны қанжоса болған жасөспірім қазір ем алып жатқан көрінеді.  


Бұл қорқынышты кадрлерде ойын баласы ойыннан от шығарын білместен, сыныптасын қабырғаға қысып алып талдырып жатыр. Жиырма рет отырып тұрғызып, демі тарылғанда кеудесін қысып қалады. Миға оттегі жетпеген оқушы он секундқа о дүниеге аттана жаздап, есінен танады.



«Оқушылар емес қазір үлкендердің өзі кіріп кететін болдық қой. Заман сондай болып кетті ме?! Тәрбиенің бәрі отбасынан басталады ғой. Оларды басқа бағытқа спортқа, үйірмелерге тәрбиелеу керек. Бос уақыты көп», – деді ата-ана Ерден Әділбеков.



Оқушының ойын ойрандайтын ойындарға қазір желі де жұрт қарсы болып жатыр. Ең сорақысы олар түзден көргенін мектепте жасап көреді.


Сыныптастары тынысын тарылтып, демін тежеп, қас-қағым сәтте талдырып ойнаған жағдай дәл осы жерде болған. Ойын балалары бұл әрекетін әдейі камерадан тыс жерде жасаған. Тіпті есікті жауып қалқалап қойған. Ал мектеп басшылығы барлық ата-анамен түсіндірме жұмысын жүргізген.  Енді білім ордасындағы бақылауды күшейтпек.



«Үнемі жұмыс жасап отырамыз. Семинарлар өткізеді. Ата-аналармен де жұмыс жасаймыз. Вебинарлар да өтеді, біз қатысамыз. Бұл жерде меніңше екі жақтың да кінәсі болып тұр. Біздің де кәнімізді жоқ деп айта алмаймын. Өйткені бақылау болмаған болмаған», – деді №5 орта мектеп директорының міндетін атқарушы Мақпал Төлеуханқызы.



«Бұл іске қатысты қазір оқу бөлімшесінің жауапты өкілдерімен қатаң тәртіптік ескерту жүргізілді. Сонымен қатар басқа да мектептер арасында алдын-алу шаралары жүргізілді. Зардап шегуші мен оның денсаулығын нұқсан келтірген оқушылар арнайы есепке алынды», – деді Қонаев ҚПБ аға инспекторы, полиция майоры Гүлмира Турина.


Денсаулығына орташа жағдайда нұқсан келген оқушы қазір Алматыда ем алып жатыр дейді сынып жетекшісі. Баланың ата-анасы әзірге толық ақпар бере қоймапты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқушы #Оқыс ойын #Қонаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Махаббат - мәңгі ертегі": әуен мен сезім үндескен кеш

Бүгін 22:32

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика