Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Нұрлан Нығматулин журналистерге «Парламент сөзін...

Нұрлан Нығматулин журналистерге «Парламент сөзін» табыстады

Мәдениет 22.06.2021, 13:00 1,923
Нұрлан Нығматулин  журналистерге  «Парламент сөзін» табыстады
Сурет: Parlam.kz

Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысын жариялап, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтады.


Құрамында Мәжіліс депутаттары, көрнекті қоғам қайраткерлері, партия өкілдері кіретін Комиссия шешімі бойынша осы жылы жеңімпаздар сегіз аталым бойынша сайысқа түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Parlam.kz-ке сілтеме жасап. 


 Биыл парламенттік сыйлық бесінші рет өткізіліп отыр. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздарына, сондай-ақ, барша бұқаралық ақпарат өкілдеріне кәсіби мерекеге орай құттықтау лебізін жеткізді.


Осы ретте, Нұрлан Нығматулин ақпараттың кез келген саласында, газетте, теледидарда, интернет баспаларда жұмыс істейтін тілшілерге құрмет көрсете отырып: "Біз биыл да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңызды бастамаларын жүзеге асыру жолында бірлесіп, ашық, сапалы жұмыс жасап келеміз деп айтуға болады", - деді.


Іс-шарада «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы Қуаныш Сұлтанов және Жұмабике Жүнісоваға табысталды.


Ал «Үздік телевизиялық сюжет үшін» номинациясын «Қазақстан» телеарнасының тілшісі Нысаналы Ығылов, «Хабар» телеарнасының тілшісі Динара Жанбатырова иеленді.


«Үздік баспа жарияланымы үшін» номинациясы «Aйқын» газетінен Гүлзина Бектасоваға, «Казахстанская правда» газетінен Владимир Курятовке табысталды.


«Үздік интернет және радио материалы үшін» номинациясы «Qamshy.kz» ақпараттық порталының жетекшісі Қуаныш Біләл және «Sputnik.kz» тілшісі Жания Уранкаеваға берілді.  


 «Арнайы репортаж» номинациясын «Хабар 24» арнасынан Нұршапағат Несіпбаевқа және «Первый канал «Евразия» арнасының  «Парламент online» бағдарламасына ұсынылды.


«Үздік бейне-сурет материалы үшін» номинациясын «Астана» телеарнасынан Нұржан Махмутов және «Tengrinews» интернет ресурсынан Тұрар Қазанғапов жеңіп алды.  


«Әлеуметтік желідегі үздік материал үшін» номинациясы Мұрат Әбеновке және Данияр Әшімбаевқа берілді.


«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған» арнайы номинациясы «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына және «КТК» телеарнасына берілді.



Сонымен қатар Мәжіліс Төрағасы биыл бүкіл еліміз үшін, халқымыз үшін ерекше жыл екенін алға тарта келіп: «Қасиетті Отанымыз - Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осы уақытта өткен барлық саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістер, соның ішінде, Парламенттің заң шығару қызметі әрқашанда тікелей ақпарат құралдарының назарында болды. Сондықтан журналистер әрқашанда тәуелсіздікпен бірге жасап, егемен еліміздің әрбір жеңісін, әрбір жемісін насихаттап, еліміздің, халқымыздың  өмір сапасын одан әрі арттыруға зор  үлес қосып келе жатыр», - деді Нұрлан Нығматулин.



Мәжіліс Төрағасы «Парламент сөзі» сыйлығының иегерлерін Мәжіліс символикасы бейнеленген мүсіншелермен және арнайы дипломдармен марапаттады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #журналист #Нығматуллин #парламент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика