Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Новая Волна - 2021» музыкалық байқауы мәресіне же...

«Новая Волна - 2021» музыкалық байқауы мәресіне жетті

Мәдениет 26.08.2021, 13:10 1,925
«Новая Волна - 2021» музыкалық байқауы мәресіне жетті
Суреттер: Dimashnews.com

Армениялық әнші «Жаңа толқын-2021» байқауының жеңімпазы атанды


Сочиде өткен «Новая Волна - 2021» музыкалық байқауының қорытынды концерті өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 


Фестивальді қорытындылайтын салтанатты кешті Леонид Агутин «Сочи» әнімен ашты. Мерекелік бағдарламаға Сергей Лазарев, Ани Лорак, Григорий Лепс, Александр Панайотов, Николай Басков, Кристина Орбакайте, Ирина Аллегрова, Анжелика Варум, Сосо Павлиашвили, Лариса Долина, Таисия Повалий және басқа да танымал әртістер қатысты.


«Жаңа толқын-2021» фестивалінің қорытынды концертінде тыңдармандарға Димаштың үшінші премьерасы тарту етілді. Димаштың орындауындағы әнді залдағы көрермен бір деммен тына қалды. Залдың барлық кеңістігі әртістің даусымен қамтылды, New Wave Hall сахнасынан қазақстандық әншінің вокализбен орындаған «Ave Maria» мәңгілік тақырыбының жаңа орындалуы естілді.



Димаштың орындауындағы әнді музыка авторы композитор Игорь Крутой Димашты сүйемелдеді және хор әртістерінің дауысы шығармаға қажетті атмосфераны жеткізе білді. Композиция шырқалған кезде бүкіл зал іштен тынып, бір деммен тыңдады.


Кештің ортасында әртістердің өнер көрсетулері арасында байқау жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапатталды. Жарыстың барлық финалистері мен қазылар алқасы сахнаға салтанатты түрде шақырылды.








Сергей Лазарев «Муз-ТВ» телеарнасының арнайы жүлдесін Max Box музыкантқа және Ресейден келген Grinkevich тобына «Көрермендер көзайымы» сыйлығын табыс етті. Леонид Агутиннің қолынан үшінші орын үшін жүлдені испаниялық әнші Хорхе Гонсалес алды. Ал екінші орын иегері Болгариядан келген жас әнші Деница Караславова өз марапатын Димаш Құдайбергеннің қолынан алды. Көптен күткен жеңісті сөзсіз фаворит Арменияның өкілі Saro Gevorgyan алды. Жеңімпаз қазылар алқасының төрағасы Игорь Крутойдың қолынан марапатқа ие болды. 



Дәстүр бойынша финалда «Уходит праздник» әні шырқалды.


Естеріңізге сала кетейік, музыкалық додаға Қазақстан атынан «Mezzo» квартеті қатысып, байқаудың алғашқы екі күнінің қорытындысы бойынша, алдыңғы үштікте көрінген болатын. 








Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #ән #Музыка
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09

Поляк фотографтары Алматыны әлемге объектив арқылы паш етіп жүр

Бүгін 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика