Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Нобель сыйлығының иегерлері Қазақстанға келе жатыр

Нобель сыйлығының иегерлері Қазақстанға келе жатыр

Білім және ғылым 26.10.2022, 03:00 1,535
Нобель сыйлығының иегерлері Қазақстанға келе жатыр
Сурет: Ашық дереккөзі

26 қазан күні фестиваль аясында «Астана-Ташкент» телекөпірі өтеді


26-28 қазан аралығында Астанада V Нобель фестивалі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Нобель фестивалі - ең ірі халықаралық коммерциялық емес технологиялық және ғылым-білім байқауы. Миссия Nobel Fest – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышында қолжетімді ету. Оған жыл сайын 14-тен астам Нобель сыйлығының лауреаты, 14 «Серпіліс» сыйлығының иегері, әлемдік инноваторлар, 155 елден 500 университет және 500 мыңнан астам адам қатысады.


26 қазан күні фестиваль аясында «Астана-Ташкент» телекөпірі өтеді. Телекөпір барысында білім деңгейі жоғары және төмен елдердегі әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар, сондай-ақ дамушы елдердегі білім сапасын жақсарту мәселелерін талқылау жоспарлануда.


Бесінші Nobel Fest бір мезгілде қазақ, ағылшын, түрік, қытай, араб, өзбек және орыс тілдерінде 6 студияда - Әзірбайжан, Германия, Түркия, Пәкістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанда өтеді.
Телекөпір жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, 2017 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квонг Чунг, CEO Nobel Fest негізін қалаушы Мақсат Құрбенов, жастар агенттігінің (Өзбекстан) директоры Әлішер Саъдуллаев, COMSTECH, Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас үйлестірушісі доктор Икбал Чоудхари, Coca-Cola-ның Еуразия мен Таяу Шығыстағы вице-президенті Клаудия Наварро қатысады. Сонымен қатар елордаға 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ Бас хатшысының Климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі Рае Квон Чунг келеді.



«Бұл ауқымды іс-шара офлайн форматта ұйымдастырылмақ. Белгілі спикерлер Астанада үш күн бойы лекция оқиды. Тұңғыш рет Қазақстанда Климаттық экономика орталығының ашылуы маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Орталық өз есігін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ашады», - деді V Нобель фестивалі бағдарламасының жетекшісі Жұлдыз Адамзатова.



Айта кету керек, Nobel Fest аясында 31 қазан мен 4 қараша аралығында Нобель дәрістер апталығы өтеді. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген Нобель сыйлығының лауреаттары және әлемдегі ең беделді марапаттардың иегерлері университеттер мен студенттер үшін дәріс оқиды. Дәрістер Nobel Fest бас серіктестері – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті үшін арнайы ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нобель #Қазақстан #Телекөпір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері құқықтық мәдениетін нығайтуда

Бүгін 21:07

Алматы қаласы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шеқаралары және жұмыс уақыты туралы

Бүгін 19:07

Сайлау кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және Алматы қаласының мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі

Бүгін 18:54

Колледж оқытушылары жасанды интеллект негіздерін тегін оқып шықты

Бүгін 18:07

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі