Нью-Йоркте вакцинадан бас тартқан қызметкерлер демалысқа жіберілді

Нью-Йоркте вакцинадан бас тартқан қызметкерлер демалысқа жіберілді almaty-akshamy.kz

Нью-Йоркте 9 мың муниципалды қызметкер ақысы төленбейтін демалысқа жіберілді. Өйткені олар коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқан деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Бұл азаматтардың дені өрт сөндірушілер екен. Енді соның салдарынан қаладағы 26 өрт сөндіру станциясы қазір жабық тұр. Айта кеткен жөн, бұған дейін Нью-Йорк мэрі барлық муниципалды қызметкерді 29 қазанға дейін екпе алуға міндеттейтін жарлыққа қол қойған.


Вакцина салдырудан бас тартқан азаматтар ақысы төленбейтін демалысқа жіберілуі тиіс. Негізі қазіргі талап бойынша АҚШ-та қызметкерлер саны 100 адамнан асатын мемлекеттік компаниялардың мамандары екпе қабылдауға міндетті.


Алдағы уақытта жекеменшік фирмалардың өкілдеріне де осындай талап қойылуы мүмкін.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21