AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Никол Пашинян: Атом электр станциясын салуға страт...

Никол Пашинян: Атом электр станциясын салуға стратегиялық шешім қабылдадық

АЭС: Референдум 19.09.2024, 21:34 2,371
Никол Пашинян: Атом электр станциясын салуға стратегиялық шешім қабылдадық
Фото: Арменпресс

Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян стратегиялық шешімнің қабылданғанын және елде жаңа атом электр станциясы (АЭС) салу жоспарланып жатқанын мәлімдеді — бұл модульді станциялар болады. Алайда, осы технологияны жеткізуші ел әлі таңдалмаған. Бұл туралы Никол Пашинян Ереванда өткен Әлемдік армян саммитінде айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz Kazinformға сілтеме жасап.

Никол Пашинянның айтуынша, жаңа АЭС құрылысы елдің энергетикалық секторы үшін маңызды жобалардың бірі. Ол Армения билігі модульді станцияларды таңдап, стратегиялық шешім қабылдағанын атап өтті. Мұндай таңдау экологиялық тұрғыдан станцияның қоршаған ортаға әсеріне байланысты жасалғанын түсіндірді.

— Әлемде жұмыс істеп тұрған модульді АЭС-тер әлі жоқ, бірақ бірнеше жоба әртүрлі дайындық деңгейінде бар. Ең үлкен жетістіктер АҚШ-та байқалса да, бұл бағытта Франция, Ресей және Оңтүстік Корея да белсенді жұмыс істеп жатыр, — деді Никол Пашинян модульді АЭС технологиясы туралы.

Бұрын Арменияда жаңа АЭС құрылысына дайындық жүргізу қажеттігі айтылған болатын. МАГАТЭ мәліметтері бойынша, қазіргі Армян АЭС-і елдегі өндірілетін электр энергиясының шамамен 30%-ын береді. Армян АЭС-і 2016 жылы жұмысын аяқтауы керек еді, бірақ оның қызмет ету мерзімі 2026 жылға дейін ұзартылды. Соңғы бағалаулар бойынша, станция 2036 жылға дейін жұмыс істей алады.

2024 жылдың 1 тамызында Армения үкіметінің шешімімен жаңа АЭС салуға арналған жеке кәсіпорын құрылды. Бұл компания жобаны негіздеп, үкіметтің мақұлдауын алғаннан кейін халықаралық серіктестермен келіссөздер жүргізіп, жаңа станцияны салуға қажетті ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелерін шешуі тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Никол Пашинян #АЭС #Армения
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика