Neo Nomad визасы – заманауи көшпенділерге арналған жаңа мүмкіндік

Neo Nomad визасы – заманауи көшпенділерге арналған жаңа мүмкіндік Аlmaty-akshamy.kz

2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Neo Nomad деп аталатын жаңа виза түрі енгізілді. Бұл виза саяхаттап, қашықтан жұмыс істейтін шетелдік туристерге арналған және заманауи көшпенділер үшін арнайы ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Визалық режимді енгізу кезінде пандемиядан кейін мұндай бағдарламаларды сәтті қолданған 50-ден астам елдің халықаралық тәжірибесі ескерілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Neo Nomad визасы шетелдік туристерге Қазақстанда бір жылға дейін тұруға мүмкіндік береді. Бұл уақыт ішінде олар шетелдік компанияларда жұмыс істей алады, еліміздің мәдениеті мен тұрмысын жақынырақ танып, туризм саласына өз үлесін қосып, Қазақстан экономикасына пайда әкелуі тиіс. Егер жылына 500 адам осы визаны пайдаланса, экономикалық әсер шамамен 3,6 млрд теңге болмақ. Визаны алған шетелдік азаматтар Қазақстанда тұрып, қаражатын елде жұмсайды, бірақ бұл отандық еңбек нарығына әсер етпейді, бұл бағдарламаның басты ерекшелігі.

Қазақстанның туристік әлеуеті әлемде кеңінен насихатталып келеді. The New York Times Алматыны үздік 52 туристік бағыттың қатарына қосса, Lonely Planet Қазақстанды 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енгізді. Сонымен қатар, Conde Nast Traveller Italia басылымы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын таңдаулы ТОП-5 дестинация тізіміне қосты.

CNN Travel 2025 жылы саяхаттауға тұрарлық 25 бағыттың тізімін жариялап, Қазақстанды ерекше мәртебеге лайық деп таныды. Алматы қаласы табиғи ландшафттар мен урбанистік мәдениетті үйлестіретін ерекшелігі арқасында Орталық Азияның «жаңа стиль астанасы» деп аталды.

Алдағы жылдары Қазақстан туризм саласын дамыту жұмыстарын жалғастырады. Үш ірі туристік аймақ — Щучье-Бурабай курорттық өңірі, Маңғыстау курорттық өңірі және Алматы тау кластері басым бағыттар ретінде белгіленді. 2027 жылға дейін жалпы құны 1,1 трлн теңгеден асатын 181 инвестициялық жоба іске асырылады.

Саладағы жұмыспен қамтылғандар санын 800 мың адамға дейін арттыру, агротуризмді дамыту арқылы ауылдық жерлерде 10 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Ішкі туристер санын 11 миллионға жеткізіп, орналастыру орындарының төсек-орын қорын 280 мыңға дейін ұлғайту, сондай-ақ барлық қонақ үйлерді eQonaq ақпараттық жүйесіне енгізу көзделген.

Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризмді дамыту жаһандық индексінде әлемнің үздік 50 елі қатарына кіруді мақсат етіп отыр. Бұл бастамалар Қазақстанның халықаралық туристік аренадағы орнын нығайтып, саяхатшылар, бизнес және жергілікті қауымдастықтар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:15

14:49

14:15

13:51

12:53

12:12

11:40

11:04

10:42

10:11

09:20

17:22

16:15

15:54

15:11

14:41

14:22

13:53

13:09

12:44

12:02

11:06

10:40

10:05

17:15