AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / NASA Марстан тіршілік тапқаны рас па?

NASA Марстан тіршілік тапқаны рас па?

Мұны білген жөн 16.09.2025, 16:32 562 Сұлу
NASA Марстан тіршілік тапқаны рас па?
depositphotos.com

Әлеуметтік желіде NASA-ның баспасөз конференциясынан алынған видео тарады. Жазбаларда "NASA Марста тіршілік тапқанын жариялады!" делінген. X желісіндегі жазба 5 миллион рет қаралса, "Марста өмір бар!" деп жазылған сурет Instagram-да 10 мыңнан астам лүпіл жинаған. Snopes ақпараттың рас-өтірігін анықтады,- деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Factcheck.kz-ке сілтеме жасап. 

Видео NASA-ның 2025 жылғы 10 қыркүйектегі баспасөз брифиңінен алынған. Онда агенттіктің уақытша басшысы Шон Даффи: "Бұл – Марстағы өмірдің ең айқын белгісі болуы мүмкін" деп айтқан. Бірақ оның "мүмкін" деген сөзіне назар аудару керек. Өйткені NASA Марста өмірдің нақты табылғанын емес, үміт беретін белгілерді анықтағанын хабарлаған. Ғалымдар оны "тіршіліктің дәлелі" деп жариялау үшін әлі де қосымша зерттеу жүргізуі қажет.

Сол күні жарияланған ғылыми мақалаға сәйкес, NASA Марс жыныстарының құрамында вивианит пен грейгит болуы мүмкін екенін анықтаған. NASA таратқан баспасөз хабарламасында бұл минералдар ежелгі микроорганизмдердің ықтимал "биобелгісі" болуы мүмкін деп түсіндірілген. "Биобелгі" – планетадағы тіршілік әсерінен қалыптасатын зат немесе құрылым, алайда оны растау үшін қосымша зерттеу мен деректер қажет.

Жер бетінде вивианит көбіне шөгінділерде, өсімдік түзетін батпақтарда және органикалық заттардың ыдырауы кезінде пайда болады. Ал кейбір микроорганизмдер грейгитті түзе алады. NASA-ның мәліметінше, бұл минералдар шөгінділер мен органикалық заттардың өзара реакциясы нәтижесінде түзілуі мүмкін, ал мұндай реакциялар микроорганизмдерге өсуге қажет энергия көзі бола алады.

Алайда NASA бұл минералдар тіршілік болмаған жағдайда да қалыптасады дейді. Мысалы, олар ұзақ уақыт жоғары температураның әсерінен, қышқылды ортада немесе органикалық қосылыстардың байланысуы арқылы пайда болуы ықтимал. Бұл тұста ғалымдарды қызықтырған басты себеп – жыныс қабаттары бұрын жоғары температура немесе қышқылдық әсерге ұшырағанын көрсетпеген. Ғалымдар органикалық қосылыстардың төмен температурада минералдарды түзуге қажетті реакцияларды іске қоса алатыны не қоса алмайтынын әзірге білмейді.

Дегенмен NASA зерттеушілері минералдарды Марстағы ежелгі тіршіліктің нақты дәлелі деп айтуға асықпау керегін ескертті.

"Астробиологиялық тұжырымдар, әсіресе Жерден тыс өткен өмірді табуға қатысты мәлімдемелер айрықша дәлелдерді қажет етеді", – деді NASA ғалымы Кэти Морган.

Сол себепті желідегі "NASA Марстан тіршілік тапты" деген жалған ақпарат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#NASA #марс #тіршілік #фейк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);