Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Мысырда қонақүйде ресейлік 40 турист уланып қалды

Мысырда қонақүйде ресейлік 40 турист уланып қалды

Әлем 31.10.2021, 08:26 1,107
Мысырда қонақүйде ресейлік 40 турист уланып қалды
Cурет: Ашық дереккөз


Прокуратура қонақ үйде тергеуді бастады


Қызыл теңіздегі Хургада курорттық қаласының төрт жұлдызды қонақ үйінде уланған ресейліктердің саны 40 адамға жетті. Прокуратураның өкімімен қонақүй санитарлық қауіпсіздік нормаларын бұзғаны үшін белгісіз мерзімге жабылды, барлық турист басқа қонақ үйлерге орналастырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.


ТАСС агенттігінің мәліметінше, жексенбі күні Мысырдың Туристік палаталар федерациясы туристердің уланып қалғанын мәлім еткен.



«Ауруханаға 40 адам жүгінді, қазіргі уақытта төртеуі ауруханадан шықты, 36 адам ем қабылдауда», - деді федерация өкілі.



Ол барлық науқастың жағдайы бірқалыпты, тұрақты екенін, өміріне еш қауіп жоқ екенін атап өтті. Дәрігерлер оларды дүйсенбі күні шығарады.
Ресей Федерациясының Хургададағы бас консулы Виктор Воропаев жексенбіде ТАСС-қа жергілікті санитарлық билік өкілдері Хургадада орналасқан AMC Royal hotel қонақүйін 48 сағатқа жабу туралы шешім қабылдағанын айтты.


Айта кетейік, аталған қонақүйдің қонақтары уланып ауруханаға түскен.


«Туристерді басқа қонақ үйлерге орналастырады. Бас консулдық жағдайды қадағалап отыр», - деді ол. Дипломаттар қонақүйде тек ресейліктер ғана уланған ба, жоқ па, соны анықтайды.


Алайда, кейінірек прокуратураның өкімімен қонақүй санитарлық қауіпсіздік нормаларын бұзғаны үшін белгісіз мерзімге жабылғаны белгілі болды және жақын арада ашылуы екіталай.



«Прокуратура AMC Royal hotel қонақ үйінде тергеуді бастады, ол «Ат-Таярин» қонақүйі ретінде де белгілі. Азық-түлік, сусындар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін қонақүйге ірі көлемдегі қаржылық айыппұлдар ғана емес, лицензияны қайтарып алып, толық жабылу қаупі төніп тұр», - деп түсіндірді Туристік палаталар федерациясы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#турист #қонақүй #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика