AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамас...

Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болды

Спорт 05.01.2023, 14:30 1,814 Almaty-akshamy
Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болды
Сурет: Ашық дереккөзі

М.Айтжанов ұлттық құраманы 2009-2018 жылдар аралығында басқарды.


Мырзағали Айтжанов бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткендей, М.Айтжанов команда басшысы қызметінен өз еркімен кеткен Қайрат Сәтжановты алмастырды.


Мырзағали Айтжанов – Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке жаттықтырушысы.


М.Айтжанов ұлттық құраманы 2009-2018 жылдар аралығында басқарды.


Ұлттық құраманың ең маңызды тарихи жетістіктері оның есімімен байланысты.


Атап айтқанда, Лондондағы Олимпиада ойындарында Серік Сәпиев чемпион және Вэл Баркер кубогының иегері атанды.


Рио-де-Жанейродағы ойындарда Данияр Елеусінов осы жетістікті қайталады.


Команда Мырзағали Айтжановпен бірге әлем чемпионаттарында 5 (2013 жылы – 4, 2017 жылы – 1) алтын медаль жеңіп алды.


Мырзағали Айтжанов – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.


1988 жылы КСРО құрамасы сапында жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жетті.


Қайрат Сәтжанов 2011-2019 жылдар аралығында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды.


Осы уақыт ішінде оның боксшылары екі рет «Азия балалары» халықаралық ойындарында жеңіске жетті, екі рет әлем чемпионаттарында үздік үштікке енді.


Сондай-ақ екі рет Азия чемпионатында үздік атанды.


Қ.Сәтжанов 2019 жылы Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.


Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионатында екі рет командалық есепте жеңіске жетіп, әлем чемпионатында екінші орынға ие болды.


2021 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының ерлер құрамасын басқарды. Осы уақыт ішінде қазақстандық боксшылар 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды.


Сонымен қатар 2022 жылы Амманда өткен Азия чемпионатында үздік өнер көрсетіп, екі чемпионатта да Қазақстан командалық медальдық есепте екінші орынға ие болды.


Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.


Сонымен қатар ұлттық құрама тізгінін қайта ұстаған Мырзағали Айтжановқа әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында бұдан да үлкен табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #Айтжанов #бапкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлем көшбасшылары Тоқаевты туған күнімен құттықтап жатыр

Бүгін 12:24

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);