AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Мүсірепов атындағы балалар театрына жаңа директор...

Мүсірепов атындағы балалар театрына жаңа директор келді

Оқиға 12.02.2022, 05:45 1,583
Мүсірепов атындағы балалар театрына жаңа директор келді
Cурет: Inform.kz

Есеналиев Талғат Қамқабайұлы аталған мәдени нысанның директоры қызметіне тағайындалды


Алматыға жасаған іс-сапары барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына жаңа директор тағайындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жаңа тағайындау туралы Мәдениет және спорт министрі Facebook парақшасында жазды.



«Алматы қаласына жасаған іс-сапар барысында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бардым. Театрдың жұмысымен танысып, Есеналиев Талғат Қамқабайұлын аталған мәдени нысанның директоры қызметіне тағайындадым»,- деп жазды Дәурен Абаев.



Сондай-ақ Мәдениет және спорт министрі бұған дейін театрдың дамуына айтарлықтай еңбек сіңірген үшін Сұрапбаев Азамат Сатыбалдыұлына алғыс білдіріп, жаңа директор Талғат Қамқабайұлына жауапты қызметте сәттілік тіледі.


ҚР Мәдениет және спорт министрлігі таратқан мәліметке сәйкес,Талғат Қамқабайұлы Есеналиев 1977 жылы дүниеге келген. Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжін «Актер және көркемсөз оқу шебері» мамандығы бойынша бітірген. Орта – АзиалықУниверситетін «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша, ФГОУДПО «РАТИ ішіндегі Сахна өнері қайраткерлерінің жоғары мектебін» (Ресей, Мәскеу қ.) «Сахна өнерінің шебері» мамандығы бойынша, Алматы үздіксіз білім беру университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Режиссура» мамандығы бойынша бітірген. Өнертану ғылымдарының магистрі.


Еңбек жолын 1997-2003 жылдары – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас администраторы болып бастаған.
2003-2015 жылдары – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директорының бірінші орынбасары;
2015-2016 жылдары – Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры директорының бірінші орынбасары;
2016 жылдан МКҚК «Мемлекеттік қуыршақ театрының» директоры қызметін атқарған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#театр #директор #Есеналиев Талғат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);