Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Мұғалімге жарақат келтірген оқушының анасына айыпп...

Мұғалімге жарақат келтірген оқушының анасына айыппұл салынды

Оқиға 09.11.2022, 15:30 1,079
Мұғалімге жарақат келтірген оқушының анасына айыппұл салынды
Сурет: Inform.kz

Оқиға Атырауда орын алған


Атырауда мұғалімді итеріп жіберіп жарақаттаған оқушының анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 
Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған бала тәрбиесі бойынша міндеттерді орындамаған анаға қатысты іс қаралды.



«Биылғы 11 қазанда сағат 12:30 шамасында Б.-ның кәмелетке толмаған баласы, 7-сынып оқушысы А. тарих пәні сабағында мұғалімге күш қолданған. Салдарынан мұғалім жеңіл дене жарақатын алған. Жасөспірімнің заңды өкілінің кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәлардың айғақтарымен, сот-медициналық сараптама қорытындысымен толық дәлелденді», - деп хабарлады кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінен.



Сот аталған іске қатысты әкімшілік жаза тағайындау барысында құқық бұзушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде оның кәмелетке толмаған баласының бар екенін, кінәні мойындағанын ескерді. Жазаны ауырлататын жайғдайлар анықталған жоқ.



«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 1-бөлігінің санкциясында 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза көзделген. Кінәні мойындаған жағдайда сот әкімшілік айыппұл сомасын 30% төмендете алады.
Сот қаулысымен кәмелетке толмаған А.-ның анасы Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Бұл аталған баптың санкиясында көзделген айыппұл сомасының 30% құрайды», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.



Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалім #оқушы #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқытудың жаңа стандарттары: Алматының бес мектебі халықаралық IB бакалавриатын енгізіп жатыр

Бүгін 21:43

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика