Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мобильді қоғамдық қабылдау тұрғындарға жедел және...

Мобильді қоғамдық қабылдау тұрғындарға жедел және білікті кеңес беру арқылы нақты көмек көрсетуді көздейді

Әлеумет 26.05.2025, 15:30 582
Мобильді қоғамдық қабылдау тұрғындарға жедел және білікті кеңес беру арқылы  нақты көмек көрсетуді көздейді
Сурет: «AMANAT» партиясы

«AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» жобасы аясында Наурызбай ауданының Инновациялық шығармашылық орталығында тұрғындардың өзекті мәселелерін тиімді шешуге бағытталған маңызды іс-шара  – мобильді қоғамдық қабылдау өтті.

Мақсат – тұрғындардың өмірінде туындаған түйткілді мәселелерді тікелей тыңдап, оларға жедел және білікті кеңес беру арқылы нақты көмек көрсету. Қабылдауға Алматы қалалық мәслихатының депутаты Болат Ибрагимұлы, «AMANAT» партиясының Наурызбай аудандық филиалының төрағасы Баймұрат Жамбылов, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің өкілдері мен тәжірибелі заңгерлер қатысты.

Қоғамдық қабылдау кезінде аудан тұрғындары түрлі сұрақтармен жүгінді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік-экономикалық сипатта болды. Атап айтқанда, азаматтар несиелік міндеттемелерін өтеу тәртібі, медициналық мекемелерге тіркелу, банктік есепшоттардың бұғатталуы, сондай-ақ тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша көмек сұрады. Әрбір өтініш жеке қаралып, заң аясында нақты жауаптар мен кеңестер берілді. Қажет болған жағдайда, кейбір мәселелер бойынша жауапты органдарға ресми сауалдар жолданатыны айтылды. Заңгерлер мен сала мамандары тұрғындарға құқықтық тұрғыдан бағыт-бағдар ұсынып, туындаған жағдайдан шығу жолдарын түсіндірді.

          Депутат Болат Ибрагимұлының айтуынша, мұндай қоғамдық қабылдаулар халықпен ашық диалог орнатуға, олардың мұң-мұқтажын жедел жеткізіп, шешім қабылдау үдерісін жеңілдетуге зор мүмкіндік береді. «Біз үшін ең маңыздысы – тұрғындардың сенімі. Олар өз мәселесімен кімге жүгінерін біліп, нақты көмек алуы қажет. Партияның қолға алған бұл жобасы осы бағытта үлкен нәтижелерге жетіп келеді», – деді депутат.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мобильді қоғамдық қабылдаулар «AMANAT» партиясының халықпен тікелей байланыс орнатудағы тиімді құралына айналды. Жоба аясында еліміздің түкпір-түкпірінде осындай қабылдаулар жалғасын табуда. Бұл бастама партияның халықпен ашық әрі есеп беретін саяси ұйым екенін дәлелдейді.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қоғамдық қабылдау #мобильді #кеңес беру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика