AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Министрлік тұмауға қарсы вакцина пневмонияның алды...

Министрлік тұмауға қарсы вакцина пневмонияның алдын алатынын мәлімдеді

Жақыныңа жанашыр бол! 12.11.2022, 10:30 1,858
Министрлік тұмауға қарсы вакцина пневмонияның алдын алатынын мәлімдеді
Сурет: Сgon.rospotrebnadzor.ru

12 қараша - Дүниежүзілік пневмонияға қарсы күрес күні. Дәл осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы UNISEF-пен бірлесіп пневмонияның алдын алу және оған қарсы күрестің жаһандық іс-қимыл жоспарын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






Пневмония - дүние жүзінде ересектер мен балалар өлімінің көп тараған жұқпалы себебі.


2019 жылы 2,5 миллион адам, оның ішінде 672 000 бала қайтыс болды.


Қазақстанда пневмониядан болатын ауру мен өлім-жітім коронавирусқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда өсті.


Халықтың осал топтарының қолжетімді араласулармен қамтылуын жақсарту мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған фтизиопульмонологиялық қызметті дамыту жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленді, оның шеңберінде тыныс алу органдарының аурулары кезінде медициналық көмекті халыққа ұйымдастыру, тыныс алу органдарының аурулары кезінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, тыныс алу органдарының аурулары кезінде көмек көрсету үшін, емдеу-диагностикалық процесті жетілдіру, оның ішінде медициналық ұйымдарды жарақтандырумен қамтамасыз ету, кадрлық әлеуетті дамыту жоспарланып отыр.


Тұмауға, пневмококкқа және гемофильді таяқшаға қарсы вакцинация да - пневмонияның дамуына жол бермеудің тиімді әдістерінің бірі.


Атап айтқанда, пневмония барлық жастағы адамдарға әсер етеді, бірақ әсіресе аға буынға, иммун тапшылығы бар адамдарға және 5 жасқа дейінгі балаларға қауіпті, өйткені дәл осы топтардың иммунитеті әлсіреген немесе әлі жетілмеген болып келеді.


Ағзаларды трансплантациялау немесе химиотерапия курсын жүргізу салдарынан иммундық жүйесі әлсіреген адамдар, сондай-ақ жаман әдеті барлар пневмониямен ауыруға бейім.


Жүкті әйелдер де өмірге қауіп төндіретін пневмонияның даму қаупіне ұшырауы мүмкін.


Пневмонияның дамуының қауіп факторларының ішінде адамда бронх демікпесі, қант диабеті және созылмалы обструктивті өкпе ілеспе ауруы бар.



«Өзіңізді тұмаудан және оның асқынуларынан (пневмония) қорғау үшін тұмауға қарсы екпе алу, адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көлікте болу уақытын қысқарту, адам көп жиналатын жерлерде маска мен қолғап кию, респираторлық аурудың белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болу қажет» деп ескертеді Денсаулық сақтау министрлігі.



Сондай-ақ, көше мен қоғамдық көліктен кейін қолыңызды сабынмен үнемі жуып отыру керек, тұрған бөлмені желдетіп, ылғалды тазалауды жүргізу қажет.


Гемофильді, пневмококкты инфекцияға, қызылшаға және көкжөтелге қарсы иммундау - пневмонияның алдын алудың тиімді әдісі.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #пневмония #тұмау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Кеше 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Кеше 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Кеше 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Кеше 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Кеше 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);