ffin.kz

Министр медицина қызметкерлерін сақтандыру тетігіне түсінік берді

Министр медицина қызметкерлерін сақтандыру тетігіне түсінік берді Сурет: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігіне түсінік берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Елімізде дәрігердің кәсіби жауапкершілігіне қатысты міндетті сақтандыру жүйесі енгізілмек.


А. Ғинияттың айтуынша, министрлік медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың түрлі модельдеріне талдау жүргізді.



«Халықаралық тәжірибеде медицина қызметкерлерін қорғау үшін тиісті қорлар мен қауымдастықтар (Швеция, Канада, Дания) құру, сондай-ақ жеке нарықтар (АҚШ, Германия, Жапония, Түркия) арқылы кәсіптік жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесі қолданылады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың оңтайлы тетігі ретінде Швеция, Канада, АҚШ, Жапония және Түркия модельдері бойынша бейімделген нарықтық сақтандыру моделін қолдануды ұсынып отырмыз», - деді А. Ғиният Мәжілісте жаңадан сайланған депутаттар алдында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру кезінде.



Сонымен қатар, ол 2017 жылы министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Дербес кепілдік беру қорын құру аясында ынтымақтастық қағидаты бойынша сақтандырудың әлеуметтік моделін ұсынғанын еске салды (жарна мөлшерін медициналық ұйымға – 50%, медицина қызметкеріне – 50% деп бөлу). Алайда, заң жобасы қолдау таппай, қабылданбады.



«Халықаралық тәжірибені талдаудың негізінде, сондай-ақ жұртшылықтың, мемлекеттік органдардың және сақтандыру компанияларының қатысуымен тиісті талқылаулар болды. Бұл тұрғыда жұмыс істеп тұрған сақтандыру компаниялары арқылы медицина қызметкерлері кәсіптік жауапкершілігінің жүктелген сақтандыру моделі қабылданды. Жұмыс беруші – медициналық ұйым сақтанушы болады. Болашақта медицина қызметкерлерін лицензиялауды енгізгеннен кейін, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесіне қатысушылардың жауапкершілігін бөлуге мүмкіндік береді», - деді министр.



А. Ғинияттың сөзіне қарағанда, осы модельге сәйкес шағымды қараған кезде медициналық ұйым медиация элементтерін қолданып, сондай-ақ медициналық қауымдастықтарды тарта отырып, ішкі аудит қызметінің деңгейінде жүзеге асырады. Бұл кезеңде мәселе медициналық ұйымның өзінде реттелуі мүмкін. Тиісті комиссия науқастың денсаулығына зиян келтірілді деген шешім жасаса, осы орайда пациентке төлем жасау үшін сақтандыру компаниясына жолдама беріледі.



«Егер пациент комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, шағым сараптамалық қорытынды беру үшін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне тапсырылады. Оң нәтиже шығарылған жағдайда, шағым бойынша материалдар, оның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына беріледі. Ол жерде пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді Денсаулық сақтау министрлігі айқындаған қағидалар бойынша сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және шешімге қанағаттанбаған жағдайда, пациент сотқа жүгінуге құқылы», - деді А. Ғиният.



Заң қабылданғаннан бастап сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыру ұсынылып отыр.



«Ал, 2025 жылдан бастап сақтандыру сыйлықақысының сомасын медициналық ұйым мен медицина қызметкерлерінің арасында бөлу ұсынылды. Бұл өз кезегінде ортақ кәсіптік жауапкершілікке әкеледі», - деді министр.



Оның атап өтуінше, кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жүйесімен 304 мыңнан астам медицина қызметкерін қамту ұсынылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05