AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Міндетіне салғырт қараған мердігерлермен жұмыс іст...

Міндетіне салғырт қараған мердігерлермен жұмыс істемейміз – Ерболат Досаев

Әлеумет 16.05.2024, 18:25 1,097
Міндетіне салғырт қараған мердігерлермен жұмыс істемейміз – Ерболат Досаев
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 50-ші жылдардан бастап пайдаланылатын су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталып келеді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы Марков көшесіндегі әл-Фараби даңғылынан Ғабдуллин көшесіне дейінгі су құбыры желілерін қайта жаңарту барысымен танысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Бұл учаскедегі құбыр 50-ші жылдардың соңында пайдалануға берілді. Желілер 100% тозған, тек соңғы екі жылда учаскеде 20 апаттық жағдай орын алды.

1,2 км су құбыры желілерін реконструкциялау жұмыстары 2023 жылдың тамызында басталып, сол жылдың соңына дейін аяқталуы керек еді. Алайда мердігер ұйым мерзімінде аяқтамады, осыған байланысты компанияны мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз берілді. Іс қаралып жатыр.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың наурызында қайта жанданды, 2024 жылдың маусымына аяқталады деп жоспарланған.
Қала басшысы мердігерге мерзімді бұзғаны және міндетіне салғырт қарағаны үшін сөгіс жариялап, «енді жауапсыз мердігерлермен жұмыс істемейміз» деп ескертті.

Ерболат Досаев жауапты тұлғаларға мердігердің міндеттемелердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ, мегаполис басшысы құрылыс жүргізу кезінде тәртіп сақтамағаны үшін ескерту жасады.

Осы учаскедегі су құбыры желілерін қайта жаңарту 43 көппәтерлі үй мен 6 әкімшілік ғимаратты сумен қамтамасыз етеді.
Жұмыс барысында тұтынушылардың сумен жабдықталуы тоқтатылған жоқ. Жол төсемі қазіргі шарт аясында қалпына келтіріледі. Су құбыры желісін қайта жаңарту «Алматы Су» МКК меншікті инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс #Мердігер #Алматы #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);