ffin.kz

Миллиондар кімге бұйырды?

Миллиондар кімге бұйырды? Сурет: Stopfake.kz

Қазақстандағы топ-менеджерлердің сыйақысы белгілі болды.

Ұлттық компаниялар жылдық есептерін жариялап, табыстары мен сәтсіздіктері туралы есеп берді және басшылықтың сыйақысы туралы деректерді келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚазМұнайГаз

2023 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма мүшесі орта есеппен 43,2 млн теңге сыйақы, ал директорлар кеңесінің мүшесі орта есеппен 10,8 млн теңге және 22 мың доллардай сыйақы алған.

Басқармаға 9 адам кіреді: Мағзұм Мырзағалиев, Нұрсейіт Союнов, Қуаныш Құдайбергенов, Серікқали Брекешев, Бұлат Зәкіров, Дмитрий Макеев, Диана Арысова, Василий Лавренов және Дастан Абдулғафаров. Сыйақының жалпы сомасы 388,7 млн теңгені құрады.

Директорлар кеңесіне 9 адам кіреді - Ернат Бердіғұлов, Мағзұм Мырзағалиев, Холланд Филип Малкольм, Арманбай Жұбаев, Арман Арғынғазин, Ұзақбай Қарабалин, Елжас Өтыншиев, Сая Мыңшарипова және Асқар Шәкіров. Доллармен төленген жалпы сыйақы 196,4 мың долларды, теңгемен - 97,2 млн теңгені құрады.

Қазпошта

Басқарма мүшесі орта есеппен 21,9 млн теңге алған. Директорлар кеңесінің мүшесі - 9,5 млн теңге.

Басқармаға 6 адам кіреді: Әсел Жанасова, Семён Пак, Бекболат Хамитов, Шолпан Әбірова, Ержан Қазанбаев және Жаңаркүл Қощанова. Жалақы мен бонустар 131,2 млн теңгені құрады.

Директорлар кеңесіне Николай Казутин, Мират Өтепов, Олжас Құдайбергенов, Искендер Майлыбаев, Сұлтан Маренов және Әсел Жанасова кіреді. Жалақы мен бонустар 28,4 млн теңгені құрады.

ҚТЖ

Орта есеппен басшылар сыйақы ретінде айына 4,1 млн теңгеден алған. 2023 жылы басқарма мен директорлар кеңесі мүшелеріне жалақыны қоса алғандағы сыйақының жалпы сомасы 790 млн теңгені құрады.

Басқармада 8 адам бар - Н.Сауранбаев, Қ.Әлмағамбетов, А.Ахметжанов, С.Кеулімжаев, Д.Күшеров, Б.Ұрынбасаров, Е.Қойшыбаев, Е.Нагаспаев.

KEGOC

Сыйақы мөлшері орта есеппен 52,5 млн теңгені құрады.

Компания басқармасының 5 мүшесі бар - Наби Айтжанов, Бақытхан Жазықбаев, Төлеген Сафуани, Айгүл Әкімбаева және Эльвира Қонақбаева. Директорлар кеңесінде 7 адам бар.

ҚазАтомӨнеркәсіп

Сыйақы мөлшері орта есеппен 91,3 млн теңгені құрады.

Басқарма мүшелігінде 7 адам бар: Мейіржан Юсупов, Қуаныш Омарбеков, Сұлтан Темірбаев, Дастан Көшербаев, Әлібек Алдоңғаров, Мұхит Мағажанов және Ермек Қуантыров. Директорлар кеңесі де 7 адамнан тұрады.

ҚазТрансОйл

Сыйақы мөлшері орта есеппен 50,5 млн теңгені құрады. Басқарма мүшесі - 64,9 млн теңге, тәуелсіз директор $80 мың және отырыс сайын $1 мың алған.

Тәуелсіз директорларға (Адриан Фрейсине, Тимоти Глен Миллер және Қазбек Құсайыновқа) - жылына $80 мың көлемінде тұрақты сыйақы және комитеттердің күндізгі отырыстарына қатысқаны үшін $1 мың көлемінде қосымша сыйақы берілген. Жалпы 2023 жылы директорлар кеңесінің сыйақысына 151,3 млн теңге жұмсалды.

2023 жылы басқарма мүшелеріне жалпы сомасы 454,2 млн теңге сыйақы есептелген.

Басқармаға 7 адам кірді - Талғат Құрманбаев, Сәбит Арынов, Темірхан Әбдіров, Эрик Сағиев, Әміржан Оспанов, Ғазиз Қошанов және Жайдарман Исақов.

Сыйақының жалпы сомасы 605,6 млн теңгені құрады.​​

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:25

19:56

19:43

19:29

19:10

18:45

18:38

18:29

18:09

17:45

17:44

17:30

17:22

17:19

17:09

16:37

16:27

16:08

16:01

15:50

15:49

15:28

14:35

14:06

13:35