Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Михаил Чудаков: Қазақстан атом энергетикасына көшу...

Михаил Чудаков: Қазақстан атом энергетикасына көшуге дайын

АЭС: Референдум 23.09.2024, 09:36 870
Михаил Чудаков: Қазақстан атом энергетикасына көшуге дайын
Сурет: Inbusiness.kz

Ядролық энергия департаментінің директоры ретінде Қазақстанның атом энергетикасына көшу мәселесінде айтарлықтай тәжірибесі мен әлеуеті бар екенін айтқым келеді.

– Қазақстан көмір энергетикасынан таза, яғни атом энергиясына көшуі керек. Себебі жел мен күн энергиясын тұрақты «жасыл» энергия көзі ретінде қарастыру қиын, әсіресе өнеркәсіптік масштабтағы қажеттіліктерді жабу үшін. Ал Қазақстанның атом энергетикасы саласында үлкен тәжірибесі бар. Елімізде қажетті инфрақұрылым, тұрақты реттеуші және қадағалау органдары жақсы дамыған. Біз бейбіт атомды қолдаймыз және референдум кезінде Қазақстан халқы да бұл бастаманы қолдайды деп сенеміз.

Қазақстанның Ақтау қаласында BН-350 жылдам нейтронды реакторы 1973 жылдан 1988 жылға дейін жұмыс істеп, қалаға жылу энергиясын, электр қуатын жеткізіп қана қоймай, теңіз суын тұщыландыруға да қолданылды. Ол тәулігіне 120 мың текше метр тазартылған су беретін әлемдегі жалғыз ядролық тұщыландыру қондырғысы болды.

– Қазақстан үшін атом энергетикасы бұрыннан таныс сала. Ақтау қаласындағы BН-350 реакторы сол кездегі ең қуатты жылдам нейтронды реакторлардың бірі болып табылды және ол ұзақ жылдар бойы тиімді жұмыс істеді. Бұл Қазақстанның атом энергетикасы саласында бай тәжірибесі бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстан уран өндіру бойынша әлемдегі бірінші орында және осы ресурстарды тиімді пайдалану арқылы өзінің энергетикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете алады.

Қазақстан ресурстарды өз энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және атом энергетикасын белсенді дамытуға бағыттауы керек.

Атом энергетикасының Қазақстан үшін артықшылықтары айқын – тұрақты энергия көзі, экономикалық тиімділік және экологиялық таза технология. Сондықтан Қазақстанның атом энергетикасына көшуі елдің энергетикалық тәуелсіздігін күшейтіп, халықаралық деңгейдегі беделін арттыра алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атом энергетикасы #Михаил Чудаков #сарапшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика