Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Мерекеде Бас мүфти балаларды қуантты

Мерекеде Бас мүфти балаларды қуантты

Өмір-өзен 11.07.2022, 09:31 1,712
Мерекеде Бас мүфти балаларды қуантты
Сурет: ҚМДБ

Сонымен қатар бірнеше баланың тұсауын кесіп, Алладан сауығып кетуін тілеп, дұға жасады.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне орай елордада орналасқан «Өнеге» оңалту орталығында болып, қайырымдылық іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Орталық жетекшісі Гүлім Қайырқызы Бас мүфтиге сал ауруына шалдыққан балаларды емдеу бағытындағы жұмыстарымен таныстырды. ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне орай «Өнеге» оңалту орталығында емделіп жүрген балаларға қимыл-қозғалысты дұрыстауға, нық қадам басуға мүмкіндік беретін 2 дана «Гросс тренажері» құрылғысын сыйлап, айттық үлестірді. Сонымен қатар бірнеше баланың тұсауын кесіп, Алладан сауығып кетуін тілеп, дұға жасады.



«Адам баласы осы өмірде түрлі деңгейде сынақтарды бастан кешеді. Алла Тағала осы сынақты көркем сабырмен еңсеруге күш-қуат берсін. Мұсылман баласы Құдайдан ешқашан күдер үзбейді. Жаңа күннен жақсылық күтіп, ізгілікке ұмтылады. Алла қаласа бұл күндер де артта қалып, қуанышты сәттеріңіз көп болсын», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.



Қайырымдылық іс-шарасы мерекелік бағдарламаға ұласып, балалар ортада өз өнерін паш етті. Өз кезегінде «Өнеге» оңалту орталығының жетекшісі Гүлім Қайырқызы мен ата-аналар сауапты іске ұйытқы болған Бас мүфти бастаған «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдеріне алғысын білдірді.


Айта кетсек, бүгінде аталған орталықта 60 бала емделуде.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚМДБ #Дұға #құрбан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика