Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Мен екпе алдым!

Мен екпе алдым!

Жақыныңа жанашыр бол! 12.08.2021, 12:45 2,702
Мен екпе алдым!
Сурет: Тass.ru

Елімізде алғашқы болып екпе салдырған – мемлекеттік қызметшілер. Олардан кейінгі қатарда өз денсаулығына бейжай қарамайтын еріктілер тұр. Бұлардан сәл кейінірек ойланып-толғанып, екпенің пайдасы мен зиянын таразыға тартып барып, кештеу болса да жауапкершілік танытқандар болды.


Қазіргі кезде вакцина салдырып жатқандарды да екі топқа бөлуге болады: алғашқы топ – төңіректің бәрі ауырып жатқандықтан, вирустан шынымен қорқып барып саналы түрде екпе алғандар, екіншісі – жұмыс орнының талап етуімен барғандар.



Мен де екпе салдырдым. Алғашқыда екі ойлы болғаным рас. Бірақ балаларымды ойладым. Әкесі екеуміз жұмысқа барамыз, адам ағылған көшеде жүреміз, сондықтан екпе салдырғаным дұрыс шығар деген ойға тоқтадым. Екпе салдыру өзінің денсаулығына, отбасы мен жақындары алдындағы  жауапкершілігіне байланысты әркімнің жеке шешімімен жүзеге асады.


Арасына 21 күн уақыт салып, екпенің екі дозасын да салдырдым. Мен барған емханада «Спутник V» ғана бар болып шықты сол кезде. Сондықтан мен вакцинаның осы түрін салдырдым. Ел арасында тараған «ауру-сауыңа қарап жатқан ешкім жоқ, анықтамастан екпе салып жатыр» деген фактінің өтірік-растығын да журналистік қызығушылықпен тексеріп көрдім. Мен барған емхананың дәрігері қан қысымымды өлшеп, жұқпалы, тұқым қуалайтын ауруларымның бар-жоғын сұрастырып барып, екпеге жолдама берді. Екпе салдырғаннан кейін жарты сағат күту бөлмесінде отырып, уақыт өткен соң, дәрігерге қайта барып, нәтижесін айтып кетуімді талап етті. Екпеден кейін денсаулығыңда өзгеріс болып жатса деп, ішуге болатын дәрі-дәрмектің тізімін айтты.



Екі компоненттен кейін де менде қан қысымының өзгерісі, әлсіздік пен тершеңдік болды. Сол себепті бір апта қашықтан жұмыс істеуге рұқсат алдым. Жолдасым жұмыста жүріп екпе салдырса да, денсаулығында еш өзгеріс болған жоқ. Сондықтан бұл өзгерістер әр адамның ағзасының дайындығына, ерекшелігіне  байланысты болар деп ойладым. Дәрігерден сұрағанымда, бұл ойымды растады.


Жаңа оқу жылы жақындап қалғандықтан, ата-ана ретінде баламыздың денсаулығы үшін алаңдаймыз. Бір жарым жылдық онлайн оқудың тигізген кесірін де білеміз. Балаларымыздың сапалы білім алып, мектепке оралуы үшін екпе салдыруға салғырт қарамағанымыз жөн.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#екпе #вакцина #спутник #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика