Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік ынталандыру шаралары аясында кәсіпорын...

Мемлекеттік ынталандыру шаралары аясында кәсіпорындардың 792 млн млн теңгеге шығындары өтелді

Әлеумет 01.10.2024, 11:46 1,146
Мемлекеттік ынталандыру шаралары аясында кәсіпорындардың 792 млн млн теңгеге шығындары өтелді
Сурет: Gov.kz

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы отандық өнеркәсіптік кәсіпорындарға еңбек өнімділігін арттыру және өнімді ішкі нарыққа ілгерілету бағыттары бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, Ағымдағы жылдың сегіз айының (қаңтар-тамыз) қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындарға 792,7 млн теңгеге шығындары өтелген. Бұл туралы бизнесті ынталандыру дирекциясы хабарлады.

Өтінімдерді қараудың нәтижесінде бірінші бағыт - еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өтелген қаражаттың жалпы сомасы 772,6 млн теңгені құрады. Бұл бағыт бойынша өтінімдердің басым бөлігі Алматы қ.(74), Алматы облысынан (71),  Шымкент (67) және Астана (55) қалаларынан келіп түсті.

Екінші бағыт - отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша өтелген сома 20,1 млн теңгені құрады. Өтінім беру бойынша көшбасшы өңірлер Батыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары мен Алматы қаласы болды.

 Салалық бөліністе өтінімдерді көбінесе машина жасау, тамақ және сусындар өндірісі,  жеңіл өнеркәсіп және металлургия секторындағы кәсіпорындар жіберген.

Сонымен қатар, QazIndustry мамандары тұрақты түрде өнеркәсіп кәсіпорындарына шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. QazIndustry өкілдері телефон арқылы  консультациялар беріп, Ашық есік күндерін өткізеді. Сондай-ақ, мамандар кәсіпорындарға бару арқылы және түрлі бейінді форумдар мен конференцияларда өз қызметтерін таныстырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ынталандыру шаралары #шығындарды өтеу #кәсіпорындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика