AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптар қалай ірі...

Мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптар қалай іріктеледі?

Әлеумет 10.07.2024, 10:52 1,172
Мемлекеттік тапсырыспен шығатын кітаптар қалай іріктеледі?
Сурет: Kazgazeta.kz

Көбіне мемлекеттік тапсырыспен кітап басылып шықты дегенді естиміз. Алайда сол қалай іріктеледі? Сол сәтте көкейдегі сауалға жауап ала алмаймыз. Мәдениет және ақпарат министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауапта мемлекеттік тапсырыспен басылып шығатын еңбектердің қалай іріктелетінін түсіндірді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Еңбектерін мемлекеттік тапсырыспен басып шығару және тарату бағытында келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінімі 2021 жылы депутаттардың ұсынысымен енгізілген Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының интернет-ресурсында алдын ала іріктеу бойынша онлайн-платформаға оқырмандар дауыс беру үшін жүктеледі. Бұл жүйенің тиімділігі - Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттік тапсырыс бойынша басылып шығатын шығармаларды іріктеуге қатысуға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде қоғамның отандық әдебиетке деген сұранысын, шығармалар жанрын, оқырмандардың жас санаттарын талдауға, сондай-ақ шығарма авторларының танымал болуына мүмкіндік береді», - деп жазылған ведомство мәліметінде.

Дегенмен оқырман қауымның берген дауысы іріктеуде шешуші рөл атқармайды.

Мемлекеттік тапсырыспен басылатын еңбектерді үш кезеңде үш түрлі комиссия анықтайды. 

«Бұдан кейін оқырмандар дауысын ескере отырып, Кітап палатасы жанынан құрылған тәуелсіз комиссия (іріктеудің бірінші кезеңі) қарауына ұсынылады. Тәуелсіз комиссия авторлық туындыны басып шығаруға өтінімдерді алдын ала іріктеуді қорытындылайды. Тәуелсіз комиссияның қарауынан өткен еңбектер шығарманың көркемдік құндылығын, өзектілігін, орындылығын, сондай-ақ оларды зерттеп қорытынды беру үшін сараптамалық комиссияға (іріктеудің екінші кезеңі) беріледі. Сараптама комиссиясының оң қорытындысын алған шығармалар ведомствоаралық комиссияның (іріктеудің үшінші кезеңі) қарауына енгізіледі. Ведомствоаралық комиссияның шешімі қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығаруға негіз болып табылады. Осы ретте іріктеудің үш кезеңінен оң қорытынды алған өтінімдер мемлекеттік тапсырыспен басылып шығатын әдебиеттер тізіміне енгізіліп, жыл соңына дейін әрқайсы 3 мың дана таралымда басылып шығып, кітапханаларға таратылады. Кітапханалар қоры негізінен мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген әдебиеттермен толықтырылып отырады», - деп түсіндірді министрліктегілер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #Іріктеу #шығарма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында ұлттық спорт күні өтті

Бүгін 18:05

KASE-де доллар бағамы 482,33 теңгеге дейін өсті

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика