ffin.kz

Мемлекеттен 20% көлемінде бонус алу үшін не істеу керек?

Мемлекеттен 20% көлемінде бонус алу үшін не істеу керек? Өңірлік коммуникациялар қызметі

Отбасы банктің салымшылары мемлекеттің 138 000 теңге мөлшеріндегі ең жоғары сыйақысын ала алады


Жыл сайын тұрғын үй құрылысы жинақ ақша жүйесіне қатысушыларға 20% мөлшерінде мемлекет сыйақысы төленеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы банк» АҚ директоры Данагүл Түсіпова айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі.



«Егер осы жыл ішінде Отбасы банкте депозиті бар адам осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақыны – 138 000 теңгені алады. Мемлекет тарапынан 20% көлемінде бонус алуға үлгеру үшін Отбасы банктің салымшылары ағымдағы жылдың 29 желтоқсанына дейін өз депозиттерін толықтырып үлгеруі тиіс», - деді Д.Түсіпова. 



Сондай-ақ, ол жинақтау мүмкіндігінің арқасында 480 мыңнан астам қазақстандық отбасының тұрғын үй мәселесі шешілгенін айтты.



«Жақын арада қоныс тойын атап өту үшін тағы 2,7 млн қазақстандық ақша жинақтап жатыр. Бұл мәселеде оларға мемлекеттің қолдауы да маңызды. Сыйлықақы төлеуге арналған қаражат жыл сайын республикалық бюджетте көзделеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,9 млн қазақстандық 75 млрд теңге көлемінде мемлекет сыйлықақысын алды, - деп түсіндірді Отбасы банктің Алматы қалалық филиалының директоры Данагүл Түсіпова.



Банктің жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын ескергенде Отбасы банктегі депозиттер бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 14%-ға жетуі мүмкін.


Спикер мемлекет сыйлықақысы бұрын көтермеленбеген жинақтарға ғана есептелетінін айтты. Яғни, жыл сайын ағымдағы жылы жасалған жинақтар мен өткен жылы көтермеленбеген жинақтардың қалдығы есепке алынады. Егер бір салымшының банкте бірнеше депозиті болса, онда мемлекеттің сыйлықақысы олардың біреуіне ғана есептеледі. Егер Отбасы банктің салымшысы өз жинақ ақшасын шешіп алып қоюға шешім қабылдаса және үш жылдан аз мерзім бойы жинақтаған депозитін жапса, онда мемлекеттің есептелген сыйлықақысы бюджетке қайтарылады.



«Отбасы банктің «Отбасылық пакеті» шеңберінде өз кірісіңді ұлғайтуға болады. Ол үшін Сіз отбасының бірнеше мүшесіне депозит ашуыңыз керек, сонда сыйлықақы әр салымға есептеледі. Мысалы, егер отбасы айына белгілі бір соманы үнемдеуді жоспарлаған болса, онда отбасы оны «Отбасылық пакет» шеңберінде бірнеше салым арасында бөлу арқылы әр салым үшін мемлекет сыйлықақысын алатын мүмкіндікке ие болады. Содан кейін қажетті соманың жинақталуы тезірек болады», - деп толықтырды ол. 



Банк салымшысы жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір отбасының барлық шоттарын біріктіріп, қарыз алуға болады. Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін ең қолжетімді қарыз түрі – тұрғын үй қарызы. Мұндай қарыз шотта кемінде 3 жыл мерзім ішінде тұрғын үй құнының кемінде 50%-ы жинақталған жағдайда беріледі. Қалған соманың 50%-ын клиент жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлеме (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) бойынша алады.



Отбасы банкте балаларға Отбасы банктің дәстүрлі депозитінің көмегімен немесе «Арнау» депозитін пайдалана отырып ақша жинақтауға болады. Оның талаптары бойынша кем дегенде 10 жыл ішінде тұрғын үй құнының 50%-ын жинақтау қажет. Депозитке жинақтау кезінде банктің сыйақысы мен мемлекеттің сыйлықақысы да есептеледі. Бұл ретте жинақтау мерзімі өткеннен кейін қарыз бойынша мөлшерлеме жылдық 2%-ды (ЖТСМ 2%-дан бастап) ғана құрайды. Стандартты депозит шеңберінде қарыз бойынша ең төменгі мөлшерлеме 3,5%-ды (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) құрайды.



Енді өз балаңызға депозитті онлайн режимінде аша аласыз. Жаңа қызмет otbasybank.kz порталында қолжетімді. Депозитті 0 жастан 14 жасқа дейінгі балаға онлайн ашуға болады. 14 жастан бастап депозитті баланың өзі ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің (мысалы, қамқоршылардың) келісімімен банк бөлімшесінде ашады.


Балаға депозит ашу бойынша онлайн қызмет Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қолжетімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51