AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет тариф бағасын реттемейді

Мемлекет тариф бағасын реттемейді

Әлеумет 26.06.2024, 18:47 708 yakiya
Мемлекет тариф бағасын реттемейді
Сурет: Astanatv.kz

Байланыс операторлары шығындарды ала отырып, тарифтерді дербес белгілейді. 

Министр ұялы байланыс тарифінің бағасы реттелмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты.

«Кәсіпкерлік кодекске сәйкес 2017 жылдан бері байланыс операторлары көрсететін қызметтің бағасы реттелмейді. Байланыс операторлары шығындарды ала отырып, тарифтерді дербес белгілейді. Байланыс операторлары баға келісімін немесе бағаны негізсіз көтерген жағдайда бәсекелестікті қорғау агенттігінің құзыретіне жатады.

Енді біз министрлік ретінде бағаны реттеу қажетсіз деп санаймыз. Себебі, салада инвестиция тарту төмендейді деп ойлаймыз. Министрлік салаға инвестиция тарту үшін қазір байланыс операторларымен жұмыс істейді. Мысалы, жақында біз Beeline компаниясымен бес жыл ішінде 1 млрд инвестиция салу жөнінде меморандумға қол қойдық. Басқа байланыс операторларымен де осындай жұмыс істеліп жатыр.

Операторлардың көрсететін қызмет сапасын біз де бақылауда ұстаймыз. «Ақ дақтарды» анықтаймыз, айыппұл саламыз.

Өзіңіз білесіз, (байланыс операторларына салынатын) айыппұлды 10 есе көтердік: 100 АЕК-тен 1000 АЕК-ке дейін», - деді министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұялы байланыс #тариф #мемлекет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Бүгін 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Бүгін 17:55

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Бүгін 16:59

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да госпитальдық фармация бөлімі ашылды

Бүгін 16:06

Алдағы уақытта Құрылтай сайлауы өтеді, Халық кеңесі құрылады

Бүгін 15:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);