Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспектива...

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты

Әлеумет 16.06.2022, 07:06 862
Мемлекет басшысы Ұлытау облысының даму перспективаларымен танысты
Сурет: Akorda.kz

Президент өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында құрылған Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғали Президентке облыстың әкімшілік орталығы Жезқазған қаласының және өңірдің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады.


Экологиялық ахуалдың нашарлауы, аймақ арқылы өтетін республикалық жолдардың тозуы, экономиканың әртараптандырылмауы немесе ірі кәсіпорынға тәуелділік, инженерлік коммуникация жүйелерінің ескіруі және әлеуметтік сала өңірдің негізгі проблемалары ретінде атап өтілді.



Ұлытау облысының әкімі республикалық дәрежедегі жолдардың тозуы өңір экономикасының дамуын тежеп тұрған басты фактор екеніне тоқталып, осыған байланысты транзиттік көлік қатынастарының азайғанын, сәйкесінше бағаның қымбаттағанын, іскерлік белсенділік пен бизнестің кенжелеп қалғанын айтты.


Берік Әбдіғали экономиканы әртараптандыру ісін жеделдету үшін арнайы экономикалық аймақ құру қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үйтас – Айдос су құбырының құрылысы 2025 жылы аяқталатынын, ал Жезқазған қаласына Есқұла құбырымен су тарту 2023 жылы басталатынын жеткізді.


Өңір әкімінің деректеріне сәйкес, облыс орталығындағы тұрғын үйлердің 33 пайызы ескірген. Қазір тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған. Сонымен қатар 2022-2023 жылдары қаланың жаңа ауданында көп қабатты 20 тұрғын үй салу жоспарланған.



Берік Әбдіғали Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік саладағы  мәселелерді шешу үшін мемлекеттік университет, қосымша білім беру орталығын, сапалы мектептер, дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешендерін және филармония залын салу қажет екенін жеткізді.


Жезқазған қаласының және Ұлытау облысының жағдайымен танысқан Президент өңірді дамыту жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты. Мемлекет басшысы, ең алдымен, жергілікті тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту қажет екенін ескертті. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен облыс әкімдігіне жол мәселесіне, экологияға, білім саласын дамытуға күш салуды тапсырды.



«Қала барлық жағынан тартымды болуы керек. Жұмыс өте көп. Мен Жезқазғанның, облыстың ең көрікті өңір болатынына сенемін», – деді Президент.



Бұдан кейін «Қазақмыс компаниясы» ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай кәсіпорынды және өңірді дамыту жөнінде баяндама жасады. Компания Жезқазған, Сәтбаев қалаларының инфрақұрылымын дамытуға үлес қоспақ. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан «Қазақмыс» биыл 25,4 миллиард теңге бөлген. Бұл былтырғыға қарағанда екі есе көп. Мемлекет басшысы алдағы ауқымды жұмыстар үшін бұл қаржының жеткіліксіз болатынын айтып, бөлінетін қаржыны көбейту туралы ұсынысын жеткізді.



«Мен мына мәселеге тоқталғым келеді. Облыс әкімінің өңірді дамыту туралы жоспарын тыңдадыңыздар. Әлеуметтік мәселелер шешімін табуға тиіс. «Қазақмыс» компаниясын осы іске белсенді түрде атсалысуға шақырамын. 25,4 миллиард теңге мұндай ауқымды жұмыстар үшін жеткіліксіз болуы мүмкін. Қаржыны ұлғайту мүмкіндігін қарастырған жөн. Әлеуметтік нысандардың құрылысына көмектесу қажет. Спорт ғимараттары керек. Жергілікті халық үлкен үміт артып отыр. Осы тұрғыдан алғанда қаладағы жағдайды жақсартуымыз керек. Әрине, мәдени нысандарға да ерекше көңіл бөлінуі қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Компания басшылығы денсаулық сақтау, білім беру, спорт салаларына ерекше көңіл бөлінетінін баяндады. Атап айтқанда, келесі жылы Жезқазғанда балаларға арналған спорт академиясы мен 200 балаға арналған интернат салу мәселесі де қарастырылған.


Қасым-Жомарт Тоқаев спорт нысанын салғанда әртүрлі спортты қамтитын көп функциялы етіп салу қажет екенін атап өтті.


Сонымен қатар компания жаңа стандарттарға сәйкес тұрғын үйлер құрылысын қолға алуды жоспарлап отыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

№2 мектепте Халықаралық әйелдер күніне арналған әсерлі мерекелік кеш ұйымдастырылды

Бүгін 12:53

Мемлекеттік еңбек инспекциясы кәсіпорындардың 284 млн теңгеге жуық берешегін анықтады

Бүгін 12:42

Алғыс айту күні: Алматыда зағип жандарға тегін көз тексерісі ұйымдастырылды

Бүгін 12:23

Жыр алыбына тағзым: Жамбыл рухы жаңғырған кеш

Бүгін 12:08

Алматыда Еріктілер жылы – 2026 салтанатты түрде ашылды

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі