Мемлекет басшысы Шолпан-Атада Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты

Мемлекет басшысы Шолпан-Атада Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты Суреттер: Elorda.info

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды.


Президент музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің «Өскен өркен» атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.



1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті.


Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған.


Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5 000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12 000.


Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17

16:01

15:41

15:18

15:02

14:49

14:35

14:22

14:10

12:28

12:16

12:04

11:48

11:25

11:09

10:57

10:45

10:29