Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы “Qazaqstan” телеарнасын 65 жылдығ...

Мемлекет басшысы “Qazaqstan” телеарнасын 65 жылдығымен құттықтады

Әлеумет 03.03.2023, 13:32 1,266
Мемлекет басшысы “Qazaqstan” телеарнасын 65 жылдығымен құттықтады
Сурет: Ашық дереккөз

1958 жылы 8 Наурыз күні Алматы студиясы арқылы алғашқы сигнал бүкіл елге тарады


Қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай арнайы шара өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ. KZ-ке сілтеме жасап.


Қазақ телевизиясы 65 жылда халқымыздың ақпарттық және рухани қажетін өтеп отырған қуатты күшке айналды. 1958 жылы 8 наурыз күні Алматы студиясы арқылы алғашқы сигнал бүкіл елге тарады. Тарихи деректерге сүйенсек, тұңғыш қазақ телеарнасының тырнақалды хабарын теледидардан 4100 республика көрермені тамашалаған. Осы орайда қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау жеделхатын жолдады.



«Құрметті "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының ұжымы! Сіздерді "Қазақстан" телеарнасының эфирге шыққанына 65 жыл толуымен құттықтаймын! Қазақ телевизиясының қара шаңырағы саналатын Ұлттық арна - еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде ерекше орын алатын медиақұрылым. Қазақстан тележурналистикасының жылнамасы осы арнадан бастау алады. Алғаш құрылған күннен бастап халыққа қызмет етуді маңызды миссиясына айналдырған Үлттық арна ұжымы бұл міндетін абыроймен атқарып келеді. Оны бағдарламадағы замана тынысынан емес, төл мәдениетіміздің асыл құндылықтарын және ұлтымыздың бітім-болмысынан көруге болады. Телеарнаның «Алтын қорында» ел шежіресіндегі тарихи сәттер мен халқымыздың біртуар перзенттерінің бейнесі сақталған. 
Бүгінде іргелес мемлекеттерге де таза қазақ тілінде хабар тарататын телеарна ұлттың рухани тұтастығын сақтауға зор үлес қосып отыр. "Қазақстан" - қазақ тележурналистикасының ұлағатты ұстаханасы. Телевизия саласының көптеген майталманы Ұлттық арнадан шыңдалып шыққаны баршаға белгілі. Осы орайда жас ұрпаққа тәжірибесін үйретіп, тағылымды тәрбие беріп жүрген аға буын өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Телеарна журналистері әрдайым ел мүддесі үшін еңбек ете береді деп сенемін», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Qazaqstan #телеарна #құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің еріктілері «Аяла» орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Кеше 21:18

«Орталық Азия мұраты» монографиясы жарық көрді

Кеше 18:31

Қазақстан прокатына «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» деректі фильмі шығады

Кеше 18:14

Алмаша Аренова: Қазақстан мен Орталық Азияның стратегиялық әріптестігі жаңа жаһандық жағдайда айрықша мәнге ие

Кеше 18:10

Қазақстанда балалар күніне 130 минут TikTok көреді

Кеше 18:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі