AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әлеумет...

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды

Әлеумет 20.04.2023, 20:10 1,045 Almaty-akshamy
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды
Сурет: Ақорда

Кодекс мәтіні БАҚ беттерінде жарияланады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Парламентінің Сенаты жаңа құқықтық жүйені қамтитын аталған заң жобасын 2022 жылдың наурыз айының ортасында қабылдаған болатын.


Кодексте келесі негізгі бағыттар қамтылған:


- ұлттық демографиялық саясаттың факторы ретінде ана мен баланы қолдаудың басымдығы;


- еңбек нарығын дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді ұйымдастырудың жаңа тәсілдері;


- аз қамтылған отбасыларға материалдық әл-ауқатын арттыруға көмектесу;


- арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру;


- мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;


- зейнетақымен қамсыздандыруды одан әрі жетілдіру;


- асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қолдау;


- әлеуметтік қамсыздандырудың жекелеген нормаларын халықаралық стандарттар деңгейіне келтіру;


- отбасының цифрлық әлеуметтік картасы;


- әлеуметтік қызметкердің кәсібилігі мен мәртебесін арттыру.


Қабылданған Кодекстің мақсаты - жұмыспен қамтылу мазмұнына, яғни платформалық жұмыс па, бірлескен жұмыс (бір жұмыс орнында екі жұмысшы) па, жұмыс кестесі өзгермелі ме, жұмыс аптасы төрт күндік пе және басқаларына қарамастан барлық жұмысшының еңбек құқықтарын теңестіру.  Ол үшін заңнамаға жаңа ұғым енгізіледі: "тәуелсіз жұмысшы".


Яндекс Такси, Glovo және т.б. барлық онлайн-платформалар жария түрде шарт жасасуға міндеттеледі және офертаға қосылатын кез келген такси жүргізушісі немесе курьер осылайша барлық әлеуметтік жеңілдіктермен қамтылған деп есептеледі.


Бұл ретте біріктірілген төлемді енгізу есебінен салықтарды, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлеуді барынша жеңілдету және жалпы табысқа салынатын салық жүктемесін азайту ұсынылады. Ал бұрынғы бірыңғай жиынтық төлем жойылады.


Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап қазақстандықтар қосымша зейнетақы төлемін ала алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #кодекс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Кеше 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Кеше 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Кеше 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Кеше 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);