Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төраға...

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады

Саясат 22.02.2024, 13:43 1,069
Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы, Қашаған газын өңдеудің жаңа бағыттары, сондай-ақ газ саласына 12 миллиард доллар көлемінде инвестиция тарту мәселесі жөнінде баяндалды.


Санжар Жаркешовтің айтуынша, «QazaqGaz» компаниялар тобы өңірлерді дамыту үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар ірі газ құбырларын тартып, іске қосқан. Олардың құны 400 миллиард теңгеден асады.


Мемлекет басшысына елімізді газбен қамту жұмыстары туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, 11 өңірдегі 112 елді мекен газға қосылды. Нәтижесінде қосымша 213 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілді. Компания былтыр ішкі нарықтағы газ бағасын субсидиялауға 175 миллиард теңге бөлді. Сонымен қатар «QazaqGaz» ҰК» акционерлік қоғамы табиғи газды экспорттау және тасымалдау жөніндегі міндеттемелерін толық орындап отыр.


Бұдан бөлек, Президентке жаңа «Анабай» газ кен орнын пайдалануға беру, сондай-ақ газдың ресурстық базасын дамыту жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Қабылданған шаралардың арқасында еліміздің ішкі нарығына газ жеткізу көлемі 19 пайызға ұлғайды.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілген мәліметке сәйкес ұлттық компания ауа райы күрт суытып, газ тасымалдау жүйесіне шектен тыс жүктеме түскен кезде ішкі нарықтың сұранысын толықтай өтеп, тұрғындарды көгілдір отынмен үздіксіз қамтамасыз еткен.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы газ саласын кешенді түрде дамытуға, соның ішінде ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге, аталған саланың өзекті мәселелерін шешуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат #«QazaqGaz» ҰК» АҚ #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика