конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің басшылығымен кең...

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің басшылығымен кеңес өткізді

Әлеумет 02.03.2022, 09:41 1,641
Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің басшылығымен кеңес өткізді

Жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру қажеттігі туралы айтылды.


Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының төрағалығымен Қорғаныс министрлігінде армияны одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті ,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылығына әскери қауіпсіздіктің қазіргі жағдайын ескере отырып, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар заманауи цифрлық тәсілдер арқылы әскери басқару жүйесін жетілдіру қажет екеніне назар аударды.



Жиында Қазақстан әскерін заманауи әрі жоғары технологиялы қару түрлерімен, әскери техникамен қайта жабдықтау мәселелері талқыланды. Қорғаныс министрлігіне әскери күштерді пайдаланудың жаңа әдістерін енгізу арқылы жауынгерлік дайындық бағдарламасын қайта қарау тапсырылды.


Мемлекет басшысы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, меритократия қағидаты негізінде мансапты өсіру мақсатымен әскери білім беру және кадрлық саясат жүйесін дамыту мәселелеріне баса мән берді. Президент әскери қызметшілер мен әскери қызметтің әлеуметтік мәртебесін арттыру және жастарды әскери борышын өтеуге ынталандыру қажеттігі туралы айтты.


Жиын соңында Жоғарғы Бас қолбасшы мемлекеттің мүддесін және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қорғау Қарулы Күштердің міндеті екенін атап өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Қазақстан #Тоқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Кеше 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Кеше 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

04.07.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);