Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Шешім / Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гра...

Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттар беру туралы өкімге қол қойды

Шешім 25.06.2022, 06:12 2,446
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттар беру туралы өкімге қол қойды
Сурет: Inform.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы» өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. Almaty-akshamy.kz құжаттың толық мәтінін жариялайды.


***


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы


1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:


Абибуллаев Дулат Орынбасарұлына – «Qazaq radiosy» радиостанциясының бас редакторына, ұлттық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін;


Көпжасарұлы Ерқанатқа – «31 арна» телерадиокомпаниясының тілшісіне, отандық тележурналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін;


Мягких Оксана Вячеславовнаға – «Индустриальная Караганда» газетінің бас редакторына, Қазақстанның өңірлік саясатын ақпараттық тұрғыдан тиімді сүйемелдеуге үлес қосқаны үшін;


Мұхамеджанов Еркін Таңатқанұлына – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына үлес қосқаны үшін берілсін;


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:


Байтарова Сәния Бақытқызына – «Жетісу» телеарнасының редакторына, өңірлік журналистиканы дамытуға үлес қосқаны үшін;


Байтибаев Диаскен Үсенғалиұлына – «Almaty» телерадиокомпаниясының арнайы техника операторына, еліміздің телевизиясын дамытуға үлес қосқаны үшін;


Бірімжанов Әнуарбек Жәлелұлына – «Хабар 24» телеарнасының жүргізушісіне, Мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;


Жолмұхаметова Жадыра Ерболқызына – «Baigenews.kz» ақпарат агенттігінің тілшісіне, интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға үлес қосқаны үшін тапсырылсын;


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:


«Adyrna» ұлттық порталының шығармашылық ұжымына – Қазақстанның дамуының өзекті мәселелерін қамтыған ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;


«Ashyq alań» қоғамдық-саяси ток-шоуының шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін;


«Astana» радиосының шығармашылық ұжымына – отандық радионы дамытуға үлес қосқаны үшін;


«Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға үлес қосқаны үшін жариялансын.


2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.


Қазақстан Республикасының


Президенті


Қ.Тоқаев


Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 24 маусым


№ 336





Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #бұқаралық ақпарат құралдары #сыйлықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: "Алматының ахуалы тым күрделі"

Кеше 15:50

Алматыда «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына 36 мыңнан астам тұрғын қатысты

Кеше 15:44

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында Алматыда ауқымды сенбілік өтті

Кеше 15:31

Сенбілік барысында Eco Almaty қызметкерлері 25 текше метрден астам қоқыс шығарды

Кеше 15:02

Бизнес таза қала үшін: Алматыда «Алатау» АЭА АТТ қатысушылары сенбілікке шықты

Кеше 14:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика