ffin.kz

Мектептердегі камералардың бәрі бірдей жұмыс істемейді

Мектептердегі камералардың бәрі бірдей жұмыс істемейді Сурет: Мobilebooster.ru

Бұл - Оқу-ағарту министрінің сөзі.


Аймағамбетов ішкі істер органдарынан оқу жылының басында мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтіп, қажет жерлерге арнайы жол белгілерін қоюды сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа оқу жылы қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өткізді.


Аймағамбетовтің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар мектептер бейнекамерамен 100% қамтылғаны туралы есеп береді, бірақ тексере келгенде, елеулі кемшіліктер анықталып жатады. Камералардың бәрі бірдей жұмыс істемейді, қала мектептерінің бір бөлігі жедел басқару орталығына қосылмаған. Министр камералардың саны емес, осы камералардың қанша баланы қамтитыны маңызды екеніне баса назар аударды.


Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында Ішкі істер министрлігі өкілдерімен бірлесіп, оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты сабақтар өткізеді.



«Қыркүйектің басынан бастап 5 мыңнан астам полиция қызметкері мектептерге барып, профилактикалық сабақтарды бірлесіп өткізеді. Бұған мұғалімдер, директордың орынбасарлары және директорлар белсене қатысады. Оқу жылының басында ішкі істер органдарынан мектеп жанындағы кезекшілікті күшейтіп, қажет жерлерге арнайы жол белгілерін қойып, алдын алу шараларын жүргізуді сұраймыз. Барлық мектеп автобустарын, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерін тексеруді аяқтау қажет. Бұл жұмысты бірлесіп атқарамыз деп ойлаймын», - деді Аймағамбетов.



Сондай-ақ ол кәсіби күзет агенттіктері мектептердің ерекшеліктерін білуі қажет екенін айтты. Онымен қоса, тәжірибелі қызметкерлердің жиі ауыспағанын, мектептің ерекшеліктерін білуі үшін оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету керегіне тоқталды.



«Біз бұл мәселелерді жұмыс тәртібінде шешуді ұсынамыз және білім беру ұйымдарымен жұмыс істейтін лицензиясы бар күзет ұйымдарына қойылатын қазіргі талаптарға жеке тармақ енгіздік», - деді Аймағамбетов.



Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ведомствоның барлық жеке құрамы оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді. Оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керегі айтылады. ІІМ басшысы елордалық гимназиялардың біріне өзі де баратынын атап өтті.


ІІМ басшысы әкімдіктер орталық меморгандармен бірлесіп, мектептердегі тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуі қажет екенін айтты.


Отырыс қорытындысы бойынша білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдарының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04