Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мектептерде тамақтанудың ұлттық моделі енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың ұлттық моделі енгізіледі

Әлеумет 28.11.2023, 04:42 1,048
Мектептерде тамақтанудың ұлттық моделі енгізіледі
Сурет: Самат Құсайынов

Мектеп тамақтануына ұлттық тағамдарды енгізу – бала денсаулығын сақтаудағы маңызды қадам


Бішкекте ТМД елдерінің «Мектептегі тамақтану – жалпы дамудың бағыты» тақырыбында бірінші халықаралық форум өтті. Оған Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қатысты,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Оның айтуынша, өңірлерде шығарылған отандық өнімдерді пайдалана отырып, мектеп тамақтануына ұлттық тағамдарды енгізу – балалар денсаулығын сақтаудағы маңызды қадамдардың бірі. Осы мақсатта министрлік Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп, Астананың алты мектебінде «Ұлттық мектеп асханасы» пилоттық жобасын жүзеге асыруда. Жаңа үлгіде мектептегі тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша кезең-кезеңімен шаралар кешені қарастырылған.



«Әрбір мектеп оқушылардың «салауатты өмір салтын ұстанатын мектебіне» айналуы тиіс. Мектептің кез-келген қызметі сауықтыру-педагогикалық бағытта болады. «Ұлттық мектеп асханасы» жобасы ұлттық тағам мәдениетін қалыптастыруға және мектептің ас мәзіріне 50 ұлттық тағамды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл көп ғасырлық дәстүр бойынша жасалған мәзір, ежелден келе жатқан тәжірибенің нәтижесі», - деді Наталья Жұмаділдаева.



Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың қыркүйек айынан бері 1,6 миллионнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде 1,4 миллион бала 1-4 сынып оқушылары және 200 мыңнан астамы әлеуметтік осал топ санатындағы 5-11 сынып оқушылары.


Сапалы тамақтануды ұйымдастыру мақсатында министрлік білім беру ұйымдарындағы балалардың тамақтану нормаларын қайта қарады. Атап айтқанда, ас мәзіріне өңірлерде өндірілген отандық өнімдерді енгізу нормасы қосылды. Бракеражды комиссиялардың және ведомствоаралық сарапшылық топтардың мүшелеріне арналған мониторингтік топтардың қызметінің тәртібі туралы заңнамалық нормалар бекітілді.


Мектептерде тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, санитарлық тазалық пен гигиенаны сақтау, дастархан сервировкасы және дұрыс тамақтануды насихаттау. Білім беру ұйымына жеткізілген барлық өнімдердің санитарлық дәрігерлерден қорытындылары болуы керек, ал тамақты бракеражды комиссиялар бақылайды. Олардың қатарында ата-аналар мен қамқоршылық кеңес, сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен медицина қызметкерлері бар.


Форум барысында жетекші халықаралық институттардан, мамандандырылған білім беру саласындағы сарапшылар мен жеке сектордан құралған форумға қатысушылар мектептегі тамақтанудың тиімділігі мен сапасын арттыру жөнінде пікір алмасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #ас мәзірі #отандық өнім #тамақтану #ұлттық модель
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика