AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді

Мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді

Білім және ғылым 14.04.2022, 08:10 1,731
Мектептерде соңғы қоңырау дәстүрлі форматта өтеді
Сурет: Qazaqstan.tv

Соңғы қоңырау мен аттестат табыстау шаралары мектепте өтеді – ҚР БҒМ


Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Қаринова соңғы қоңырау мен аттестат табыстау шаралары қалай өтетінін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Оқу жылының аяқталуы бойынша дәстүрлі түрде екі шара өткізіледі, олар – 25 мамырдағы соңғы қоңырау және 11-сыныптың қорытынды аттестаттауынан кейін жалпы орта білім туралы аттестатты салтанатты тапсыру. Олар барлық өткен жылдар секілді қажетті мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз қалауынша ұйымдастырады. Салтанатты аттестат тапсыру да – балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл шара да өткізіледі және оған білім беру ұйымы жауапты болады», - деді Ш. Қаринова.



Оның айтуынша, Білім министрлігі мектеп бітіру кешін өткізу туралы ұсынымдар әзірлеп жатыр.



«Министрлік осындай ұсынымдар әзірлеп жатыр. Оқу жылының аяқталуына әлі бір жарым ай бар. Біз бұл ұсынымдарды дайындаймыз, әріптестеріміз бен БАҚ хабардар болатындай жариялаймыз. Бұл жаңадан пайда болған шара емес, жыл сайын өтіп келе жатыр. Өткен жылдары карантиндік шектеу қағидалары болды. Ал биыл аттестатты салтанатты тапсыру мектеп қабырғасында міндетті түрде өтеді. Басқа да ұсынымдарды тіземіз және жариялаймыз», - деді Шолпан Қаринова.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Соңғы қоңырау #аттестат табыстау #дәстүрлі шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);