AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Мектепке қауіпсіз жол республикалық отбасылық чел...

«Мектепке қауіпсіз жол республикалық отбасылық челленджі басталады

Әлеумет Бүгін 16:05 25
«Мектепке қауіпсіз жол республикалық отбасылық челленджі басталады

Челлендж аясында ата-аналарға баласымен бірге үйден мектепке дейін және кері бағытта жүріп өту, ықтимал қауіпті учаскелерді анықтау, балаға қауіпсіз жүріп-тұру тәртібін түсіндіру және эстафетаны басқа отбасыларға беру ұсынылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі халықтың жол қозғалысы қағидаларын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған және 8 қыркүйекке орайластырылған Ұлттық бағдарлама тұжырымдамасына сәйкес ақпараттық-профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізуді жоспарлап отыр.

Ұлттық бағдарламаның бірыңғай ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыз ету мақсатында қазақ және орыс тілдеріндегі дайын медиапакет жолданады. Медиапакетке медиажоспар, тақырыптық инфографикалар, пресс-релиздер, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерге арналған дайын мәтіндер, сондай-ақ «Мектепке қауіпсіз жол / Безопасная дорога в школу» республикалық отбасылық челленджінің тұжырымдамасы, өткізу тәртібі және ақпараттық материалдары енгізілген.

Халықты кеңінен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында:

    1.    Ұлттық бағдарлама материалдарын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары, телеарналар, жергілікті атқарушы органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы жүйелі түрде таратуды ұйымдастыру;

    2.    инфографикалық және бейнематериалдарды LED-экрандарға, сыртқы ақпараттық конструкцияларға, қоғамдық көліктегі экрандарға, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын өзге де орындарға орналастыруды қамтамасыз ету;

    3.    «Мектепке қауіпсіз жол / Безопасная дорога в школу» республикалық отбасылық челленджін бірыңғай ақпараттық іске қосуды және кеңінен жариялауды қамтамасыз ету;

    4.    челленджге білім беру ұйымдарын, педагогтерді, оқушыларды, ата-аналарды, қоғам қайраткерлерін, пікір көшбасшыларын және отбасылық контент авторларын тарту;

    5.    ата-аналар арасында балаларымен бірге үйден мектепке дейін және кері бағытта қауіпсіз маршрутты бірлесіп жүріп өту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

    6.    балалар мен ересектердің жолдардағы қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын түсіндіруге және өткізілетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеуге полицияның аумақтық бөлімшелерінің қатысуын қамтамасыз ету;

    7.    өз құзыреті шегінде челленджге қатысушылар анықтаған жол инфрақұрылымының проблемалық учаскелері туралы ақпаратты қарауды ұйымдастыру;

    8.    Ұлттық бағдарламаны өткізу және ақпараттық сүйемелдеу бойынша мүдделі өңірлік басқармалар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету.

Материалдарды бейімдеу кезінде негізгі мазмұны мен визуалдық тұжырымдамасын сақтай отырып, оларды ресми өңірлік статистикамен, өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратпен және байланыс деректерімен толықтыруға жол беріледі.

Материалдар мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://drive.google.com/drive/folders/1-bggrPbAYV1fickB175B2jkB1k5KMkTa?usp=drive_link

Жауапты тұлғаны айқындауды және қабылданған шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне 2026 жылғы 5 қыркүйекке дейін ұсынуды сұраймыз.

Жұмысты үйлестіруді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК маманы Малиегнова Алима, тел.: +7 776 161 3399 жүзеге асырады

Телеграм арнаға жазылыңыз
#республикалық челлендж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында сотталған азамат некесін қиды

Бүгін 16:06

Алматының бас полицейі бірінші сынып оқушыларымен кездесті

Бүгін 15:24

Қазақстан ІІМ адамдарды есірткі желісіне тартудың халықаралық арнасын жойды

Бүгін 15:05

Жасөспірімдерді есірткі қылмысынан қорғау: Алматыда профилактикалық жұмыстар күшейтілуде

Бүгін 14:39

Жезқазғанда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаттары өтуде

Бүгін 14:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);