Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектеп дәретханасы далада болмайды

Мектеп дәретханасы далада болмайды

Білім және ғылым 21.04.2022, 08:20 1,447
Мектеп дәретханасы далада болмайды
Сурет: Pinterest

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді.


Республикамызда 7500 мектеп жұмыс істейді және даладағы дәретхана мәселесі 50 мектепте бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрдің сөзіне сілтеме жасап.



«Екі жыл бұрын елдегі 2700 мектептің дәретханасы далада орналасқан еді. Жалпы, мектептеріміздің саны 7500 екенін ескерсек, бұл өте үлкен пайыз. Екі жылда күрделі жұмыстар жүргізілді, қазіргі уақытта 50-ге жуық көше дәретханалары қалды. Бұл үлкен прогресс. Дегенмен, бұл өте қиын жұмыс, өйткені сол 2700 мектептің көпшілігінде кәріз де, сумен жабдықтау да болған жоқ. Әсіресе, бұл орталықтандырылған кәрізі жоқ, суы жоқ ауылдық елді мекендер еді», - деді Асхат Аймағамбетов



Министрдің айтуынша, келесі оқу жылы басталғанша әкімдіктер 50 мектептегі дәретхана мәселесін толық шешуге бекініп отыр.



«Жұмыс істеп тұрған санитарлық тораптарда да бұзушылықтардың екі түрі кездеседі: біріншісі – біз жүргізген тексерулер дәретханалар бар уақытта жұмыс істемейтінін көрсетеді. Сондықтан санитарлық қызметтер оларға қатты айыппұл салады. Екінші мәселе – қала мектептеріндегі санитарлық тораптардың жағдайы», - деп атап өтті министр.



А. Аймағамбетов мектеп дәретханаларының жай-күйі туралы хабарлауға болатын «жедел желіні» іске қосатынын айтты.



«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де үкіметтік емес ұйымдармен бірге сенім телефонын іске қосады, бұл Whatsapp және Telegram каналында болады, өйткені балаларға осылай ыңғайлы. Бұл көптеген адамдар ақпарат жібере алатындай краудсорсинг сияқты жасалады. Оған балалар, ата-аналар және мұғалімдер фотосуретті жібере алады. Тиісінше, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен біздің комитет осындай бұзушылықтар болған жағдайда бақылау жасайды», - деді Асхат Аймағамбетов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #мектеп #дәретхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке іздеу жарияланды

Кеше 17:49

Алматыда көп әйел алуды насихаттаған азаматқа айыппұл салынды

Кеше 17:13

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика