конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мектеп асханасында жарты литр судың бағасы 350 тең...

Мектеп асханасында жарты литр судың бағасы 350 теңге

Білім және ғылым 21.06.2022, 05:35 1,845
Мектеп асханасында жарты литр судың бағасы 350 теңге
Сурет: Рricom.kz

Министр Асхат Аймағамбетов бұл мәселені шешу туралы айтты.


Министрдің айтуынша, мектеп асханаларындағы ас мәзірін қайта қарау керек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Министрліктің аппарат жиналысында Асхат Аймағамбетов мектептерде балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.



«Қазір ыстық тамақпен қамтамасыз ету көрсеткіші өсіп отыр дейміз. Бірақ одан бөлек қазірдің өзінде ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған асханалардың жұмысын жетілдіруде жүйелі жұмыс болуы керек. Ол бойынша комитет тиісті заңнамалық өзгерістер дайындады. Ас мәзірін Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жаңадан қарауымыз керек», - деді ол.



Министр мектеп буфеттерінде бағаға қатысты да пробеманың бар екендігін баса айтты.



«Әр білім бөлімі, әр білім басқармасы бұған көңіл бөлуі керек. Елорда мектептерінің өзінде бағаның өсуі бар. 0,5 литр судың бағасы 350 теңге деген масқара. Басқа облыстар да мектеп асханаларындағы бағаны қараңыздар. Осы мәселені жүйелі шешу үшін тиісті заңнамалық өзгерістер енгіземіз. Жаңа оқу жылына дейін бұл проблема шешілуі керек», - деді Асхат Аймағамбетов.



Сонымен қатар ол балаларды қауіпсіз тапсымалдау үшін биыл 515 автобус сатып алынатындығын атап өтті.



«Ол жұмысты тамыз айына дейін бітіруіміз керек. Кейбір өңірлер бұл жұмысты әлі бастаған да жоқ. Біз республикалық деңгейде бұл мәселені сіздерге шештік, тиісті құралдарды бердік. Мәселе жалпы шешіліп отыр. Енді соны аяғына дейін жеткізіп, жұмысты жаңа оқу жылының басына дейін бітіру қажет», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #асхана #тамақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Медеу ауданындағы Құрмет көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 19:11

Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Кеше 18:45

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Мұратбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:42

Қазақстанның атом саласын дамыту - энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Кеше 17:26

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);