AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Меккеде қасиетті Құран мұражайы ашылды

Меккеде қасиетті Құран мұражайы ашылды

Әлем 07.03.2025, 13:23 758
Меккеде қасиетті Құран мұражайы ашылды
Cурет: Saudi Press Agency

Келушілер сирек кездесетін қолжазбалар жинағын, Қасиетті Құранның тарихи көшірмелерін және ғасырлар бойы қасиетті мәтіндердің сақталуын бейнелейтін интерактивті көрнекі экспозицияларды зерттей алады.

Мекке аймағы губернаторының орынбасары ханзада Сауд бин Мишааль бин Абдулазиз сәрсенбіде Хира мәдени ауданындағы басты көрнекі орын Құран мұражайын салтанатты түрде ашты. Аталған орталық Мекке тұрғындары мен қонақтарының діни және мәдени тәжірибесін байытуға арналған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мекке қаласы мен қасиетті орындар жөніндегі корольдік комиссияның басшылығымен және қолдауымен әзірленген рухани мұражай білімді заманауи технологиялармен үйлестіреді, деп жазады Saudi Press Agency.

Мұражайда сирек кездесетін қолжазбалар, Құранның тарихи қолжазбалары қойылған. Сонымен қоса интерактивті визуалды экспозициялар да бар. Олар келушілерге құранды жазу процесі қалай жүргізілгенін және оған ғасырлар бойы күтім жасаудың қыр-сырын білуге мүмкіндік береді.

Мұражайдың салтанатты ашылуы тарихи орындарды дайындау және жандандыру, сондай-ақ мәдени жобаларды әзірлеу жөніндегі Корольдік комиссияның күш-жігерінің арқасында өтті.

Айта кетейік, мұражай Хира мәдени ауданының жобасы аясында Хира тауының етегінде орналастырылды. Бұл мекеннің тарихи және рухани маңызы зор. Себебі ол құран алғаш рет түсірілген жер ретінде танымал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мекке #Құран мұражайы #экспозиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);