Мейрамбек Айнағұлов Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматы қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасындағы Қазақстан кубогі өтіп жатыр. Жарысты грек-рим күресінің шеберлері бастады.
🥇63 келіге дейінгі салмақтың финалында әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов жамбылдық Дәулет Әшірхановты жеңіп, Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды
🏆Биылғы кубогтің басты ерекшелігі – әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар 2026 жылғы Азия ойындары мен Әлем чемпионатына іріктеліп, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғау мүмкіндігіне ие болады.