AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Мейірім мен сиқырға толы күн: Қазақ мемлекеттік ци...

Мейірім мен сиқырға толы күн: Қазақ мемлекеттік циркінде балаларға арналған ерекше шеберлік сабағы өтті

Мәдени Алматы 04.07.2025, 19:43 936
Мейірім мен сиқырға толы күн: Қазақ мемлекеттік циркінде балаларға арналған ерекше шеберлік сабағы өтті
Дан Запашный

4 шілде – Қазақ мемлекеттікциркінде жүрекке жылу ұялатқан ерекше шара өтті. «Мейірімді жүректер циркі» атты қайырымдылықшеберлік сабағы ерекше білім беруді қажет ететін, сондай-ақ тұрмысы төмен және көпбалалыотбасылардан шыққан балалар үшінұйымдастырылды.

Бұл күні 50-ден астам бала – оның ішінде ата-анақамқорлығынсыз қалған жетімдер мен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер – «Қайырымды жандарғакөмек» қоғамдық қорының қолдауымен цирк әлеміне саяхат жасап, өнердің сиқырлы сырынсезінді.

Балалар бір күнге болса да сахнаның ар жағындағыөмірмен танысып, өздерін нағыз өнерпаз сезінді – бұл олардың жүздеріндегі шынайы күлкі мен жүректеріндегі сенімнен анық көрінді.

Екі сағат бойы балалар цирк өнерінің сиқырлыәлеміне еніп, кәсіби әртістердің жетекшілігі мен жонглерлік пен эквилибристика негіздерін үйреніп, көңілді клоундық трюктерді меңгерді. Сондай-ақ, үйретілген иттермен өткен интерактивті жаттығуларға белсене қатысып, ерекше әсерге бөленді.

Шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – арқан үстіндежүру болды. Нұсқаушылардың қадағалауыменбалалар еденге жақын биіктікте тартылған қауіпсізарқан арқылы алғашқы қадамдарын жасап, өзмүмкіндіктеріне деген сенімділік пен мақтанышсезімін жүректеріне ұялатты.

«Өзіме ерекше ұнағаны – иттер болды! Оларсондай ақылды! Біреуі менің қолымнан секіріп өтті– бұл менің өмірімдегі ең алғашқы цирктіктрюгім!» – дейді 9 жастағы Амина қуанышыменбөлісіп.

«Мен циркте тек көрермен ретінде болып көргенедім. Ал бүгін өзім жонглер болып, фокус көрсеттім! Маған клоунның мұрнын да сыйлады – енді болашақта цирк әртісі болғым келеді!» – депбөлісті 11 жастағы Тимур.

Шараны ұйымдастырушылар мен Қазақмемлекеттік цирк әртістері шеберлік сабағын үлкенжанашырлықпен және ерекше ықыласпен өткізді. Барлық жаттығулар балалардың жекеерекшеліктерін ескере отырып, кәсібипедагогтардың қолдауымен жүргізілді.

«Біз үшін цирк – жай ғана өнер көрсететін сахнаемес, бұл – сенім мен шабыт сыйлайтын, балаларөздерін еркін сезінетін орта. Бүгінгі шарағақатысқан балалар – нағыз батырлар. Олар бүгіншын көңілден күлді, жаңа нәрселерді үйренді, бойларындағы таланттарын танытып, шабыталды», – дейді Қазақ мемлекеттік циркініңнөмірлер жаттықтырушысы Әлия Худайбергенова.

Жобаның шабыт берушілерінің бірі – цирк өнерініңеңбек сіңірген әртісі, әуе гимнасты Ольга Демидова болды. Ол цирк сахнасына өмірінің 25 жылданастам уақытын арнап, осы жылдар ішіндехалықаралық деңгейде көптеген марапаттарға иеболған. Бүгінде Ольга өзінің бай тәжірибесіменжастармен бөлісіп қана қоймай, отбасылық цирк өнерінің дәстүрін де жалғастырып келеді. Олбұрын қызы Анастасиямен бірге дуэт ретінде өнеркөрсеткен болса, қазіргі таңда кіші қызы Таисияныжәне жиендері Анна мен Анатолийді жаттықтырыпжүр.

«Балалардың көзіндегі отты көргенде, мен өзмиссиямның жалғасып жатқанын сезінемін. Цирктебиіктік емес, шабыт пен сенім маңызды. Бүгін бізосы манежде шынайы әртістерді – кішкентай, бірақжүрегі үлкен балаларды көрдік», – деп бөлістіОльга Демидова.

«Мейірімді жүректер циркі» шеберлік сабағы – Қазақ мемлекеттік циркінің әр балаға теңмүмкіндік беру, олардың шығармашылық қабілетіндамыту және мейірімді, қолжетімді мәдени орта қалыптастыруға бағытталған қайырымдылықжобасының бір бөлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Цирк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика