AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Медициналық ұйымдарда кейбір дәрі-дәрмек болмай қа...

Медициналық ұйымдарда кейбір дәрі-дәрмек болмай қалуы мүмкін

Медицина 13.07.2022, 13:30 1,583 Almaty-akshamy
Медициналық ұйымдарда кейбір дәрі-дәрмек болмай қалуы мүмкін
сурет: pixabay.com

 Сатып алудың электронды платформасы қаралуда


Медициналық ұйымдар халыққа тегін қызмет көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмекті сатып ала алмай жатыр. Оған сатып алуды жүзеге асыруы тиіс веб-порталдың жұмыс істемеуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Атамекен» ҰКП-ге сілтеме жасап. 
Мамыр айында Үкімет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алуды реттейтін қағидаларға енгізілетін өзгерістерді қабылдады. Құжаттың жаңа редакциясында дәстүрлі тәсілмен сатып алу процедураларын өткізу мүмкіндігі толығымен алынып тасталды. Енді ауруханалар белгілі бір дәрі-дәрмек «СК-Фармация» бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алынатын препараттар тізіміне енбесе де, оларды электронды тәсілмен ғана сатып алуы тиіс. «Атамекен» ҰКП атқарушы хатшысы, басқарма мүшесі Нұрлан Сақуовтың айтуынша, сатып алуды электронды форматқа ауыстыру – қисынды әрі болжамды процесс. Алайда, сатып алудың электронды платформасын толығымен жолға қоймай жатып, дәстүрлі сатып алуды алып тастау арқылы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды да, медициналық заттар мен техниканы жеткізушілерді де тығырыққа тіреді. 



«Медициналық қызметтерді көрсетуге қажетті барлық препарат пен медициналық бұйымдардың барлығы «СК-Фармация» арқылы сатыла бермейді. Ауруханалар дәрі-дәрмектің көптеген аталымын іздеп, сатып алады. Қазіргі кезде порталдың дайын болмауы салдарынан өнімнің осы түрлерін сатып алу толығымен тоқтап тұр. Фармацевтикалық өнімдердің өндірушілері мен жеткізушілері порталға кіре алмай отыр. Осыдан пациенттер – қатардағы қазақстандықтар зардап шегіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың мүддесін ойлауы тиіс», - деді Нұрлан Сақуов. 



«Атамекен» ҰКП мамандары осы мәселе бойынша бизнес өкілдеріммен бірқатар кездесу өткізген. Денсаулық сақтау министрі атына портал жұмысы жолға қойылғанға дейін бұрынғы нормаларды қайтару қажеттігіне қатысты хат жолданған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрі #медицина #платформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);