AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Медициналық пойыз 80 мыңнан астам қазақстандыққа к...

Медициналық пойыз 80 мыңнан астам қазақстандыққа көмек көрсетті

Медицина 07.11.2022, 09:41 1,412
Медициналық пойыз 80 мыңнан астам қазақстандыққа көмек көрсетті
Сурет: Yakutia.info

Халыққа тегін медициналық көмек көрсеткен.


Бұл туралы «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасының аяқталуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz cілтеме жасап.


Белгілі болғандай, пойыз 6 ай бойы шалғайдағы елдімекендерді аралап, халыққа тегін медициналық көмек көрсеткен.



«Жалпы Samruk-Kazyna Trust қорының 2022 жылға арналған қайырымдылық бюджеті 10 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 9 айда 7,1 млрд теңге игерілді. Бұл ретте ел бойынша 44 жоба іске асырылуда, оның 30-ы биыл Қамқоршылық кеңестің мақұлдауына ие болды. Сол жобалардың бірі – «Медициналық пойыздар». Біздің Қор 760 млн теңгеге жуық қаржыға қызметін толық қамтамасыз еткен жобаның арқасында шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетілді. Біз үшін бұл жобаның маңызы зор. Өйткені осының арқасында халық денсаулығын жақсартуға, алыс аудандар мен ауыл тұрғындарына қажет қызмет түрлерін қолжетімді етуге мүмкіндік туды. Ақжолтай құрамның арқасында көптеген ел тұрғындары тегін әрі сапалы медициналық көмек алып, өмір сүру сапасы жоғарылауда», – деп атап өтті қордың әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Әдиева.



Жоба бойынша ел аумағындағы бекеттерде заманауи диагностикалық жабдықтар орнатылған «Саламатты Қазақстан» және «Жәрдем» медициналық пойыздарының мамандары көмек көрсеткен. Медициналық пойыздар бүкіл республиканы аралап, 147 бекеттін тұрғындарын демалыссыз қабылдаған. Жұмыс барысында барлығы 80 649 қазақстандыққа емдеу-консультациялық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 21 867 бала қаралды. 5 097 шағын хирургиялық операция жасалып, 26 587 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді. «Жәрдем» медициналық пойыз мамандары 59 бала сүндеттелді. Медициналық пойыздарда барлығы 389 388 дәрігерлік қабылдау болды. 


Салыстыра кетсек, пандемияға дейінгі 2019 жылы жобаға қатысқан мамандар 273 елдімекенді аралап, 63 000-нан аса тұрғын медициналық тексерістен өткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #Қазақстан #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);