Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Медиаплюрализм: қысқы журналистика мектебі сарапшы...

Медиаплюрализм: қысқы журналистика мектебі сарапшылардың басын қосты

Алматы Бүгін 14:20 26
Медиаплюрализм: қысқы журналистика мектебі сарапшылардың басын қосты
автордан

Алматыда өтіп жатқан Халықаралық журналистика және коммуникация бойынша XIII қысқы мектеп өз жұмысын табысты қортындылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Медиаплюрализм: Орталық Азиядағы ЖИ ғылымы» атты тақырыпты көтерген қысқы мектеп саладағы жаңа тенденцияларды, жаңа технологияларды жас мамандарға, студенттерге жеткізуді мақсат еткен.

Биылғы мектепте отандық медиа мамандарынан таыс, Өзбекстан, Қырғызстан сынды аймақ елдерінің және Ауғанстан, Эфиопия, Йемен қатарлы алыс шетелдік  жас зерттеушілердің басын қосты.

XIII Халықаралық қысқы журналистика мектебінің ашылуында заманауи коммуникацияларды дамытудағы академиялық ортаның рөліне ерекше назар аударылды. Шараның тең ұйымдастырушысы әрі стратегиялық серіктесі ретінде ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы да қатысты. Академия атынан Білім және әлеуметтік даму орталығының басшысы, PhD докторы Төлен Жеңісбек қатысушыларды құттықтап, медиадағы жаңа технологиялардың маңыздылығы мен технологиялық дәуірдің сын-қатерлерін атап өтті.

«Биылғы ұран бізге мынаны еске салады: ЖИ - дауыс емес, ол құрал. Біз алгоритмдердің медиа ортаны қалай өзгертіп жатқанын көріп отырмыз. Ғалымдар мен практиктер ретіндегі біздің міндетіміз олардың этикаға, авторлық құқыққа және ақпараттық қауіпсіздікке тигізер әсерін зерттеу», – деді академия өкілі.

ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің бас кеңесшісі Барбара Трионфи студенттер мен сарапшылар алдында бағдарламалық баяндама жасады. Ол алгоритмдердің біздің шындықты қабылдауымызды қалай өзгертіп жатқаны және неге қазіргі ұрпақ жаһандық ақпараттық жүйені «жөндеуге» тиіс екендігі туралы айтты.

«Тәуекелдерге қарамастан, ЖИ  журналистердің өздері үшін де қуатты ресурс. Біз оны тиімді пайдаланудың екі негізгі бағытын көріп отырмыз. ЖИ адам миының шамасы жетпейтін ақпарат ағынын өңдеуге қабілетті. Олбір терең зерттеуді мақала, подкаст, бейнеролик немесе әлеуметтік желілерге арналған посттар сияқты әртүрлі форматтарға тез бейімдеп, аудитория қамтуын арттыруға мүмкіндік береді. Басты ереже мұндайда, әрине, жүйедегі адам. Автоматтандыру дәуірінде «басқару жүйесіндегі адам» принципін сақтау өте маңызды», – деді Барбара Триофи.

Отандық медиа өкілі қатарында «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Естай Божан заманауи баспасөздің бағыт-бағдары мен жасанды интеллект (ЖИ) дәуіріндегі журналистиканың рөлі туралы ой бөлісті. Оның айтуынша, газет-журналдар тек қағаз бетіндегі басылым болудан қалып, мультимедиялық платформаға айналуы тиіс.

Орталық Азия елдерінің медиа саласындағы ортақ мәселелері мен жетістіктері талқыланған форумда Естай Божан аудиториямен байланыс орнатудың жаңа тетіктерін ұсынды.

«Бүгінгі журналистика бұл тек ақпарат тарату емес, бұл технология мен шығармашылықтың синтезі. Біз аудиторияның талғамына сай болу үшін үнемі ізденіс үстіндеміз. Автоматтандырудан қорықпау керек. Технология біздің жұмысымызды жоймайды, ол бізді сапалырақ, жылдамырақ болуға итермелейді. Ең бастысы — этикалық нормаларды сақтай отырып, технологияны адам игілігіне жарату»,», - деді спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Эстония президентін құттықтады

Бүгін 15:34

Референдумға дайындық: Тоқаевқа ұйымдастыру жұмыстары туралы есеп берілді

Бүгін 15:22

Алматыда Еуразиялық тау курорттары альянсының III фестивалі басталды

Бүгін 15:11

Түркістанда 71 жастағы ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлаған: сот үкім шығарды

Бүгін 15:07

Павлодарда үш жасар қыз қайшымен ойнап жүріп, көзіне сұғып алған

Бүгін 14:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі