Медеу — Шымбұлақ жолын «Сергек» бақылайтын болады

Медеу — Шымбұлақ жолын «Сергек» бақылайтын болады Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Медеу — Шымбұлақ жолында 4 «Сергек» камерасы орнатылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Алматыда Медеу-Шымбұлақ автожолында жылдамдығы 40 км/сағатқа шектелген «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің 4 камерасы орнатылды. Олар «Медеу» биік таулы мұз айдынының шлагбаумынан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі ұзындығы 7 км учаскеде орналасқан. Бұл жаяу жүргіншілер ағынының және көрсетілген бағыт бойынша жүретін электромобильдер санының артуына байланысты адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Жол қозғалысы ережелерін тіркеу ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан басталады.




Айта кетерлігі, Алматыда барлығы 7 894 «Сергек» АӨК камерасы жұмыс істейді. Олар 2021 жылы «Мемлекеттік - жеке әріптестік» жобасын іске асыру аясында белгіленген.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:16

18:03

17:58

17:41

17:39

17:33

17:23

17:17

17:09

17:03

16:59

16:48

16:34

16:16

16:02

15:48

15:32

15:16

15:01

14:42

14:31

14:16

14:10

14:01

12:28