Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Медеу ауданындағы үш танымал саябақ 2023 жылдың со...

Медеу ауданындағы үш танымал саябақ 2023 жылдың соңына дейін абаттандырылады

Әлеумет 14.12.2023, 05:13 1,221
Медеу ауданындағы үш танымал саябақ 2023 жылдың соңына дейін абаттандырылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының Медеу ауданында жаңа қоғамдық кеңістіктер құрылуда, сондай-ақ тарихи келбетін сақтай отырып, ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Шілде айында жеке қаражат есебінен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының ғимараты - сәулет ескерткішін күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин Алматыда өткен ӨКҚ брифингінде айтты.



«Жобада ғимараттың қасбеті, шатыры, инженерлік желілерді ауыстыру бойынша кешенді жөндеу, ішкі әрлеу жұмыстары, сондай - ақ іргелес аумақтарды-Шоқан Уәлиханов атындағы скверді және Шевченко көшесі жағынан ғимаратқа іргелес жатқан скверді абаттандыру көзделген. Бүгінгі таңда жұмыстар 90%-ға орындалды. Шетінеген тас плиткалар мен іргетастарды қалпына келтіру, гранитті жиектерді тегістеу бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай - ақ қолданыстағы тас тплиткалар тиісті түрге келтірілді», - деп атап өтті ол.



Оның айтуынша, осындай жұмыстар Пушкин көшесінің жанындағы Ғылым Академиясының ғимаратына іргелес алаңда жүргізілуде. Бұл жоба «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Үш гүлзар бойынша жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады. 




«Сондай-ақ, біз қала көркінің бірі – «Көк Төбе» телемұнарасын сәулеттік-көркемдік жарықтандыруды безендіру бойынша жұмыстарды жоспарладық. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2024 жылдың қаңтарында, 2024 жылдың мамырында аяқталады деп жоспарланған», - деді Еркебұлан Оразалин.



«Самал -1» шағын ауданындағы қоғамдық кеңістіктерді дамытылуда. 2023 жылдың соңына дейін «Журналистер» скверін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Ал «Алатау» шағын аудан тұрғындарының өтініші бойынша биыл Ибрагимов көшесіндегі коньки паркінің құрылысы басталды. Жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.



«Аяқталу сатысында тұрған тағы бір жоба – Достық даңғылынан «Есентай» өзеніне дейінгі Оспанов көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы. Жоба аясында біз ұзындығы 500 метрге жуық тротуар жолын кеңейттік. Жаяу жүргіншілер аймағының басты ерекшелігі-80 суретшінің ондаған көркем композицияларымен безендірілген граффити қабырғасы болды», - деді Еркебұлан Оразалин.



Авторлардың ойынша, қабырғадағы суреттер қазақ әліпбиінің әріптерін бейнелейді: барлық 42 таңба жалпы сюжеттік композицияға енген. Жобаны іске асыру Алматы әкімдігінің, Жобалық кеңсе аясында шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен - REPAS командасының өкілдерімен және «Almaty Creative Bureau» басшысы Кристина Бекмурзаевамен ынтымақтастық арқасында мүмкін болды.


Жалпы, жайлы қалалық орта құру үшін ағымдағы жөндеу аясында 122 жобаны іске асыру аяқталды. Бүгінгі таңда 80 аула аумағы абаттандырылды, 23 үйдің қасбеттері жаңартылды, 13 жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне жөндеу жұмыстары аяқталды, 4 АВТО суару жүйесі қайта жаңартылды, қоғамдық кеңістікті абаттандыру, гүлзарлар орнатылды.
 
«Халық қатысатын Бюджет» бағдарламасы аясында 44 жоба іске асырылуда. Бүгінгі таңда 34 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, қалған 10 жоба жыл соңына дейін аяқталады.



«Жеке қаражат есебінен қыркүйек айының басында «Көк Төбе» саябағына дейінгі ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілер тротуарын жайластыру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда жол салу және асфальттау бойынша негізгі жұмыстар атқарылды. Кіру тобын жайластыру, қарау алаңдарын орнату және жарықтандыру жұмыстары 2024 жылдың көктемінде аяқталады», - деп толықтырды Медеу ауданының әкімі.




Сондай-ақ, биыл «Көк базарды» жаңғырту жұмыстары басталды. Желілерді реконструкциялау жүргізілуде, ал орталық кіреберістің алдында бетон жабындысын жаңарту, тірек конструкцияларын күшейту және аумақты абаттандыру жоспарлануда. Жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика