Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Медеу ауданында мектептердегі орын тапшылығын төме...

Медеу ауданында мектептердегі орын тапшылығын төмендету шаралары қабылдануда

Білім және ғылым 09.09.2022, 06:01 1,992
Медеу ауданында мектептердегі орын тапшылығын төмендету шаралары қабылдануда
Сурет: 24.kz

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде білім беру жүйесінің жұмысы туралы айтып берді.


Спикердің айтуынша, Медеу ауданының білім беру жүйесі жалпы контингенті 30 378 оқушыны құрайтын 28 мемлекеттік және 19 жекеменшік мектептерден тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Дегенмен, оқушы орындарының тапшылығы байқалады, бұл 4 мыңнан астам орын.



«Дегенмен, оқушы орындарының тапшылығы байқалады. Ол 4 мыңнан астам, әсіресе, жақсы көрсеткіштері бар №12, 35, 56, 131, 159 мектептер орналасқан аудан орталығында сезіледі, онда бүгінгі таңда көп пәтерлі үйлер қарқынды салынуда», - деп санайды А. Нұрлыбаев.



Осыған байланысты, 2020 жылы №172 мектеп-гимназиясында 850 орынды қосалқы ғимарат пайдалануға берілді. "Алатау" шағынаудандағы №7 мектепті сейсмикалық күшейтуге байланысты күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.


Сондай-ақ, №48 мектеп ғимараты мен №131 лицейге күрделі жөндеу жүргізілуде. Соңғы 2 жылда жеке инвесторлар есебінен 10-ға жуық жеке мектеп салынып, пайдалануға берілді. Осы жобалардың барлығын іске асыру ауданның орталық бөлігінде оқушы орындарының тапшылығын 30%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.



«Оқушы орындарының тапшылығын төмендету үшін жобалық қуаты 600 орынды №4 мектеп, 900 орынды №161 мектеп және жобалық қуаты 600 орынды №35 гимназия ғимараттарына қосымша құрылыстар салу мәселесі пысықталуда», - деп жалғастырды Медеу ауданы әкімінің орынбасары.



Сонымен қатар, ол 20 тамыздан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясы басталғанын атап өтті. Жоба аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 400 бала, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп формасы мен кеңсе тауарларын алды.


Мектепке дейінгі білім беруге келетін болсақ, ауданда балабақшаларға қажеттілік бар. Ауданның мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 18 балабақша мен 82 жекеменшік балабақшадан тұрады. Тәрбиеленушілердің жалпы саны 6440 бала.


ӨКҚ спикерінің хабарлауынша, әрбір балабақшада жобалық қуаттылықты 50 орынға ұлғайта отырып, №141, №114, 116 балабақшаларда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, егер 2021 жылы жеке инвесторлар есебінен жалпы жобалық қуаты 306 орынды 6 балабақша ашылса, осы жылдың басынан бастап жалпы жобалық қуаты 367 орынды 7 балабақша ашылды. Жоғарыда көрсетілген проблемалар жоспарлы түрде ғимараттар мен жер учаскелерін жеке меншік иелерінен салу немесе сатып алу жолымен шешілетін болады.



«Халық тығыздығының жоғары болуына және бос жер учаскелерінің болмауына байланысты Медеу ауданындағы әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйі өзекті мәселе болып табылады. Медициналық қызметтермен қадамдық қолжетімділікте "Кеңсай", "Көлсай", "Сұлусай" шағынаудандары қамтылмаған. 8 мыңнан астам тұрғындар 10 км жерде орналасқан №5 клиникалық аурухана жанындағы емханаға және №2 емханаға жүгінеді. 100 келушіге арналған жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашу үшін Кеңсай тұрғындары үшін ғимарат сатып алынды, қаражат бөлінді. Ғимаратты жөндеу жыл соңына дейін жүзеге асырылады», - деп түйіндеді А. Нұрлыбаев.



 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #Медеу #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш күнде 43 мас жүргізуші ұсталды: Алматыда рейд күшейтілді

Бүгін 14:10

Иран АҚШ-пен келіссөзге өз шарттары толық орындалғанда ғана баратынын мәлімдеді

Бүгін 12:11

Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік айыптұраққа қойылды

Бүгін 11:43

Алматыда биыл полиция мен еріктілер 670 наркосайтты бұғаттады

Бүгін 11:32

АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін Instagram, Facebook пен YouTube-тен 1,3 миллиард теңге өндіріп алмақ

Бүгін 11:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика