Медбикені өлтірген күдікті ұсталды

Медбикені өлтірген күдікті ұсталды Сурет: ашық дереккөз

 Алматы облысының Қарасай ауданында медбикенің өліміне күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«7 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Қарасай ауданының ауруханасына кеуде қуысында сұғылып-кесілген жарақаттары бар 45 жастағы әйел түскенін, кейін ол алған жарақаты салдарынан қаза болғанын хабарлаймыз.Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша аудандық полицияда тіркелді. Арнайы іс-шара барысында тәртіп сақшылары күдікті – Кошмамбет ауылының 42 жастағы тұрғынының жеке басын анықтап, оны бір сағат ішінде «ізін суытпай» ұстады.



Аталған деректі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады полициядан.


Қылмыс марқұм әйелдің жұмыс орнында жасалған.



«Ұсталған ер адамның айтуынша, болған оқиға жеке қарым-қатынасқа байланысты және оның әйелдің кәсіби қызметіне қатысы жоқ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21