Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / «Мазмұндама баспасы» кітаптарының таныстырылымы өт...

«Мазмұндама баспасы» кітаптарының таныстырылымы өтеді

Кітап - көңіл кілті 12.07.2024, 21:14 1,668
«Мазмұндама баспасы» кітаптарының таныстырылымы өтеді
"Мазмұндама" баспасы

Кездесу барысында оқырмандарға авторлармен тілдесіп, өз қолынан қолтаңба алу мүмкіндігі болады.

Бұл жолы Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан кім?», Сәуле Досжанның «Жақсылық Үшкемпіров кім?» және Асылан Тілегеннің «Мәншүк Мәметова кім?» танымдық кітаптарының тұсауы кесіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

15 шілде күні сағат 14.00-де Алматы қаласы, Достық 132, Coffee Book кофеханасында «Мазмұндама баспасының» ұйымдастыруымен Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан кім?», Сәуле Досжанның «Жақсылық Үшкемпіров кім?» және Асылан Тілегеннің «Мәншүк Мәметова кім?»  кітаптарының таныстырылымы өтеді.  

Ұларбек Дәлейұлының «Жошы хан кім?» кітабы – Шыңғыс қағанның тұңғыш ұлы Жошының ерлікке толы өмір жолы суреттелетін туынды. Ол жиырма бес жасында Тоғайлы жұртын бағындырып, көзге түскен. Әкесі Шыңғыс қағанның бұйрығымен Дешті-Қыпшақ ұлысын басқарып, ордасын Ұлытауда тікті. Кітапта Жошы хан билеген замандағы тарихи оқиғалар, қазіргі қазақ елінің алғашқы қалыптасу кезеңі суреттеледі. Сәуле Досжанның  «Жақсылық Үшкемпіров кім?» кітабы ұлттық намыстың үлгісіне айналған қазақ балуаны Жақсылық Үшкемпіровтің өмірінен жазылған. Қазақстанда күрес спортының дамуына зор үлес қосқан атақты спортшының жарқын оқиғаларға толы өмір жолы жастарға үлгі. Асылан Тілегеннің «Мәншүк Мәметова кім?» кітабында Кеңес Одағының Батыры атағы берілген тұңғыш қазақ қызы Мәншүк Мәметрваның балалық шағынан бастап майдандағы ерліктеріне дейін баяндалады. Кітаптағы оқиғаның бәрі Мәншүкпен замандас болған тұлғалардың естелігінен алынған.

Іс-шараға жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысады.

Байланыс ақпараттары:

Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық 132, Coffee Book

 e-mail: mazmundama@gmail.com 

 тел: +7 705 626 35 55, +7 700 700 70 91

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мазмұндама #кітап #таныстыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мамыр айының басынан бастап субұрқақтарды кезең-кезеңімен қосылады

Бүгін 14:16

Алматыда жүзге келген ардагерді құттықтап қайтты

Бүгін 14:13

Құтыруға қарсы вакцина – өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі

Бүгін 14:05

Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін 12:21

Мегаполистерде валюта бағамы қандай?

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика