ffin.kz

«Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» жарыққа шықты

«Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» жарыққа шықты

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» және «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітаптың тұсаукесері өтті.


Жиынға Мәшһүр Жүсіптің ұрпақтары, ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары — Алтынбек Нұхұлы, Нұртөре Жүсіп, Жанарбек Әшімжан, Аманжол Әлтаев, Әділ Ахметов және Ғарифолла Есім, Дархан Мыңбай, Қайрат Әбусейітов, Дихан Хамзабекұлы сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ   зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, мәшһүртанушылар, БАҚ басшылары қатысты. Пікір алмасу кезінде ұлы тұлғаның қазақ тарихындағы және руханиятындағы орны, жас ұрпаққа мұрасын жеткізу жолдары, қоғамда насихаттау мен тың зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды.



«Дөңгелек үстел» барысында «Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қорының төрағасы Исламбек Салжанов: «Біртуар тұлға, ғұлама ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының есімі әр қазақ үшін қастерлі. «Алтын қыран» қоғамдық қоры Мәшһүр Жүсіптің шөбересі Абай Шарапиев ағамыздың кітабын басып шығаруға қолдау көрсетті. Бұл еңбек мәшһүртануға үлес қосып, оқырмандардың ықыласына ие болады деген үміттеміз», — деп өз ойымен бөлісті. Іс-шарада ұлы тұлғаның діни және рухани қыры, ғылыми және этнографиялық еңбегі, егемендік пен ұлт азаттығы жолындағы қызметі, жаңару, ұлттық болмысты дамыту, кәсіп игеру туралы ойлары тарқатылып ортаға салынды.



Солардың бірі Мәшһүр Жүсіп 1907 жылы «Сарыарқа кімдікі?» атты кітабы шығып, онда патша үкіметінің Қазақ жерін отарлау туралы жазылады. Қазан қаласында бұл кітапты басып шығарған баспаға 12 мың сом айып салынып, 14 адам сотталады. Мәшһүрді тұтқындау туралы жарлық шыққаннан кейін ол туған жерін тастап, Қазақстанның оңтүстігіне қарай кетуге мәжбүр болады. Бұған қоса оның «Айқап» журналы мен «Дала уәлаяты» газетінде саясат, дін, шаруашылық, мектеп пен білім туралы мақалалары шыққан еді.



Жиында тұсауы кесілген «Мәшһүр Жүсіптің тылсым әлемі» атты кітапта оның өмірі мен шығармашылығы кеңінен баяндалады. Кітап бұрын-соңды жарияланбаған материалдарымен құнды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32